ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысына түркітілдес елдері – Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және еліміздің журналистері мен қоғамдық пікір көшбасшылары, туризм сарапшылары мен әлеуметтік желі белсенділері келді. Олар 14-16 қыркүйек аралығында Түркістан облысының тарихи және туристік орындарын аралап, Түркістанның туризмін насихаттайды. Аталған топты Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қабылдап, пікір алмасты.
– Түркістанға қош келдіңіздер! Бауырлас мемлекеттерден келген бауырларымызды көріп қуанып отырмын. Түркістан қаласы қазақ халқы үшін ғана емес, түркітілдес мемлекеттері үшін де рухани орталық. Тарихы мыңжылдықтарға жетелейді. Бес жыл бұрын Түркістан облысы құрылып, Түркістан қаласы облыс орталығына айналды. Мемлекет басшылығының қолдауымен бес жылда шаһарда ауқымды жұмыс атқарылды. Мәдениет, білім, спорт ғимараттары, тұрғын үйлер, және туристік нысандар бой көтерді. Халықаралық әуежай ашылып, қазір оның мүмкіндігі кеңейтіліп, бауырлас елдермен тұрақты рейстерді көбейту бағытында жұмыс жүруде. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Түркістанға ерекше мәртебе беру бойынша жұмыстар атқарылуда. Туризм – облыс экономикасының басым салаларының бірі. Бірегей архитектуралық-тарихи және археологиялық ескерткіштері, таңғажайып табиғаты мен өзіндік мәдениеті бар біздің өңіріміз туризмді халықаралық деңгейде дамыту үшін зор әлеуетке ие. Облысты ашық аспан астындағы мұражай деуге болады. Өңірде 1770 тарих және мәдениет ескерткіш бар. Соның ішінде ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұра нысандарының тізіміне енгізілген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан. Ясауи бабамыз, қазақтың хандары мен билері осында мәңгі қоныс тапқан. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде облысымыз күн санап көркейіп келеді. Біздің алға қойған мақсатымыз жоғары. Әлі де маңызды жобаларды жүзеге асырамыз. Ақпараттық тур барысында тарих пен өркениет тоғысқан Түркістан облысының көркіне өздеріңіз куә боласыздар. Өңіріміздің туристік әлеуетін өз елдеріңізде кеңінен насихаттайды деп сенемін, – деген Дархан Сатыбалды түркі тілдес елдер арасындағы рухани, мәдени және экономикалық байланыстарды нығайтуға басымдық берілетінін жеткізді.
Кездесуде журналистер мен туризм сарапшылары да өз пікірлерін ортаға салды. Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың түлегі, түркиялық «ТРТ» арнасының қазақ редакциясының басшысы Уфук Тузман Түркістанның ажарланып, жаңара түскенін тілге тиек етті.
– Түркістанға келіп, өзгерістерге таңғалдым. 5 жылда көп дүние өзгеріпті. Студенттік шағым осы қалада өткен. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алдым. 22 жылдан бері радиода түркі елдері бірлігін насихаттап жүрмін. Қазақ тілінде хабар таратамын. Түркістан – біздің алтын ұямыз. Облыс туризмі туралы Түркияда кеңінен ақпарат таратамын. Әріптестерім де Қазақстанның ғажайып табиғатын, Түркістанның туризмін өз елдерінде насихаттайды, – деді Уфук Тузман.
Кездесуде Әзербайжан өкілі, «Asan» радиосының журналисі Аида Эйвазова Түркістанның тарихына тоқталды. Қос елдің басшыларының әріптестік байланыстарының жоғары деңгейде екенін атап өтті. Ал «Махалла ТВ» және «Миллиет ТВ» бас редакторының орынбасары Рузибай Йулдашев (Өзбекстан) туризмді дамытуда түркітілдес елдер бір-бірімен тәжірибе алмасқаны, бірлесе дамытқаны жөн екенін айтты. Қонақжайлық танытқан облыс әкіміне ризашылығын білдіріп, Түркістан өңірінің туризмі дами берсін деген тілегін жеткізді. Қырғызстандық блогер және әнші, қоғам белсендісі, Самат Долотбаков та халықтар достығы, туризмді дамыту бағытында пікірін білдіріп, Түркістанның қысқа уақытта заманауи шаһарға айналғанын атап өтті. Қазақстандық танымал политтехнолог және саяхатшы Артур Нығметов түркі мемлекеттерінің бірлескен туризм кластерін дамыту мәселесін көтерді.
Ақпараттық турға шақырылған 14 медиа тұлғаның да дәстүрлі БАҚ-та және әлеуметтік желілерде оқырмандары өте көп. Олар Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен бастап, жаңарған Түркістанды, Отырар, Сауран қалашығын, Ақмешіт үңгірі мен Қасқасуды және өзге де туристік нысандар мен тарихи ескерткіштерді аралайды. Мыңдаған оқырмандарына өңірдің туристік әлеуеті туралы ақпарат ұсынады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
14.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

Төбет – қазақтың ұлттық бренді
Жасұлан АБДИҒҰЛОВ, Қуат НҰРҒАЛИЕВ, әуесқой итбегілер - 09.12.2024 78
  Алтын қолды дәрігер
Аяужан ЖАЙЛАУҚЫЗЫ, Алматы қаласы - 08.12.2024 31
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 87
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 91
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 96
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 91
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 96
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 87
Ақмола астық жинаудан рекордтық көрсеткішке жетті
Дайындаған – Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 07.12.2024 85
РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨКСЕГЕНІ НЕ?
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 07.12.2024 82
Ән өнерінің саңлағы
Саяжан ҚАЙДАР - 06.12.2024 93
ТҮРЛЕНГЕН ТҮРКІСТАН, ҒИБРАТЫ МОЛ КИЕЛІ МЕКЕН
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 06.12.2024 92
Тоқсанның төріндегі театр
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 06.12.2024 87

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 10371
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9351
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12591
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11563
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 16574