ДАРХАН САТЫБАЛДЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН КЕҢЕС ӨТТІ

ДАРХАН САТЫБАЛДЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН КЕҢЕС ӨТТІ
Кентау қаласындағы жылу беру орталығында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен ауа райының қолайсыздығына байланысты орын алған жағдайлар және оның салдарын жоюға байланысты жауапты сала басшыларының және құқық қорғау органдарының қатысуымен кеңес өтті. Штаб отырысында облыс басшысына орын алған жағдайлар бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндалды. Орын алған жайтқа қатысты тыңғылықты тексеру жүргізіп, нақты себебін анықтауды жүктеген әкім стратегиялық маңызды нысанда жарықтың сөнуінің алдағы уақытта жол берілмеуін қатаң ескертті.
Дауылды желден зақымдалған электр желілерін қалпына келтіру барысы туралы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің бас директоры Мұрат Ибрагимов, қатты желдің салдарынан облыс көлемінде зардап шеккен нысандар мен орын алған төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Асқар Төлешев, облыстағы оперативтік жағдай туралы облыстық полиция департаментінің басшылығы баяндады.
Облыс әкімі жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, орындалу мерзімін айқындап берді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовқа жұмыс барысын тікелей бақылауға алуды міндеттеді.
Дауылды желден электр энергиясы бірнеше рет ​сөніп, орталық қазандықтардың жұмысы бірер уақытқа тоқтаған болатын. Қазіргі таңда 4 қазандық штаттық режимде жұмыс атқарып тұр. Болған жайтқа байланысты тексеру жүргізуді тапсырған облыс әкімі жылу орталығында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыруды жүктеді. Қаланың кейбір аумақтарында қатты желдің салдарынан сөнген абоненттердің электрэнергиясын қосу жұмыстары жүргізілуде.
– Ауа райының қолайсыздығынан орын алған жағдайлардың салдарын жою үшін шұғыл түрде тиісті шараларды жүзеге асырып, бірінші кезекте облыс тұрғындарының қауіпсіздігін, сонымен қатар тұрғындарды сапалы инфрақұрылымдық қызметтермен қамтамасыз ету қажет. Желдің салдарынан зардап шеккен нысандарды анықтап, оларды қалпына келтіру бойынша шараларды шұғыл түрде ұйымдастыру керек. Ең бастысы - тұрғындарға қолайлы жағдай жасау. Жұмысқа аса жауапкершілікпен қарауды тапсырамын, – деді Дархан Амангелдіұлы.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты тұлғалармен бірге стратегиялық нысанды аралап, жұмысшылармен жүздесті.
Орталық жылу жүйесі арқылы 14 мың абонент орталықтандырылған жылуға қосылған. Оның 100-ден астамы бюджеттік мекемелер болса, 336 көпқабатты тұрғын үй, 2 мыңнан астам жеке сектордағы үйлер. Сондай-ақ, 4 мыңдай коммерциялық нысан аталған орталықтан жылу алып отыр.
Айта кетейік, 1934 жылы салынған №5 ЖЭО-ның негізгі материалдық жабдықтарының 85 пайызы тозған. Бүгінде Кентау қаласында жаңа жылу орталығын салу мәселесі қарастырылып жатыр. ЖЭО электр энергиясын өндіреді және Кентау қаласының тұрғындарын жылумен қамтамасыз ететін жалғыз стратегиялық нысан болып табылады.
Соңғы 10 жылда алғаш рет 6 қазандықта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
15.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 38
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 70
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 33
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 71
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 25
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 180
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 183
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 400
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 363
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 981

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9059
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8456
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11683
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9445
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10663