Дата журналистика мүмкіндігі және болашағы

Дата журналистика мүмкіндігі және болашағы

  Бүгінгі журналистика айтарлықтай дамып келе жатыр. Әлем бойынша деректермен жұмыс жасау мүмкіндіктері артуда. Елімізде де журналистерге арналған түрлі оқу бағдарламалары өткізіліп жатыр. Мысалы MediaNet ұсынған «факчекинг» курсы. Тағы сол сияқты біліктілікке арналған бірнеше курстар бар әрі тегін. Сондай-ақ орталық Азия мемлекеттері бойынша дата журналистика курстары, конференциялар өткізіледі. Журналистиканың бұл бағытына қатысты ресейлік дата журналист, деректерді визуализациялау маманы Андрей Дорожныймен сұхбаттасқан едік:

Дата журналистикасы мен кәдімгі журналистиканың айырмашылығы неде?

– Дата журналистикасы дегеніміз бұл деректерге негізделеді. Яғни ол жерде деректер, сандар, визуализация және инфографика болады. Мысалы қарапайым журналист пресс-релиз арқылы немесе спикердің сұхбаты арқылы материал даярласа, дата журналист дерек негізінде оқиға әзірлей алады. Жалпы кез-келген журналистік материал нақты фактіге негізделеді. Ешқандай журналистік материал автордың жеке пікірімен жазылмауы керек. Олай болған кезде материал ақпараттық түрде жарамсыз деп танылады. Дата журналистері құрғақ яғни, шикі деректермен жұмыс жасайды. Олар деректерді тауып, тазалап, өңдеп, материал даяндайды. Бұл жерде ең бастысы журналистика. Ал дата журналистикасы дерекке негізделген журналистика.

 

Журналистикадағы деректер дегенді қалай түсінеміз? 

 

– Деректер дегеніміз бізді қоршаған ақпараттар. Мемллекеттік органдар, арнайы ұйымдар мен компаниялар жариялаған ақпараттар. Журналистер ашық дата базлары арқылы деректерді алады. Қазір деректерде үйде отырып-ақ өңдеудің мүмкіндігі бар. Деректерді өңдеу өте маңызды. Интернет пен технологияның дамуының арқасында дәстүрлі журналистік зерттеуге қосымша мүмкіндік болды.

 

Деректерді қалай табамыз?

 

– Өзімізге қызықты материалдарды іздейміз. Мысалы көші-қон немесе короновирустан болған өлім-жітім саны тағы сол сияқты материалдарды іздеуміз. Ашық деректерді қолданамыз.

 

Дата журналистердің артықшылығы қандай?

 

– Деректермен жұмыс жасау айтарлықтай қиын жұмыс. Дәстүрлі журналистикаға қарағанда материалдар өтімді болып келеді. Олай дейтін себебіміз визуализация арқылы және тың деректер арқылы материал жасалады. Тақырып табу, тексеру, визуализациялау қте қиын. Дата журналистикасы арқылы сенсациялық ақпараттарды көруге де мүмкіндігіміз бар. Яғни күнделікті өмірде байқалмайтын ақпараттарды контентін жасайды.

 

Дата журналист болу үшін қандай білім ресурстары қажет?

 

– Ең алдымен өз аймағыңыздағы деректер базасын пайдаланып үйреніңіз. Әлеуметтік желілерде жұмысыңызды жариялаңыз. Тың оқиғалар іздеуге тырысыңыз. Мен алғашқы кезде бұл іспен айналысқанда маған түсініксіздікпен қараған болатын.

 

Қандай программалау тілдерін білу қажет?

 

– Дата журналистикасына қатысты көбіне phyton программалау тілін білу қажет дейді. Бірақ менің ойымша бұл маңызды емес. Егер сіз қарапайым графикатерді жасай алсаңыз, Google құжаттармен қолдана алсаңыз болды. Ең маңыздысы адамдарға түсінікті болуы керек.

Қазір көптеген мемлекетте ашық деректермен жұмыс жасау мүмкіндігі бар. Ол арқылы  мақаланы жаңа форматта зерттеп, көрсете аламыз. Көптеген әлемдік ірі бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы мамандандырылған бөлімдер бар. Үлкен деректермен жұмыс жасау жауабы жоқ сұрақтарды түсінуге мүмкіндік береді. Деректердің қайдан келетінін түсіну маңызды. Оқиға туралы деректерді тек мемдекеттік дата базадан ғана емес әлемдік дата желілерден де іздей аламыз. Алайда бұл сала бойынша Қазақстанда арнайы мамандандырылған орталық жоқ. Десе де бірнеше оқу орындарында осы бағыт бойынша арнайы оқу бағдарламалар бар.Дата журналистика оқиғаны түрлі тәсілде видио, визуализация тағы басқа форматта жеткізе алады. Бұл сала бойынша спикеріміздің жеке курсы да бар. Ол үшін stepic бағдарламасы арқылы дата журналистика курсын оқи аласыз. Сонымен қатар медиа дамыту қоры ұсынған Асхан Еркімбай мырзаның дата журналистика курсын көре аласыз

Ақнұр ШАЯХМЕТ Қазақ-Америка университеті
15.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 53
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 580
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 694
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 609
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 618

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8753
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8153
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11382
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9136
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10367