ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ СУ БАСҚАН ӨҢІРЛЕРДЕГІ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ЕРЕКШЕ БАҚЫЛАУДА ҰСТАУДА

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ СУ БАСҚАН ӨҢІРЛЕРДЕГІ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ЕРЕКШЕ БАҚЫЛАУДА ҰСТАУДА
Денсаулық сақтау министрлігі су тасқыны кезінде эпидемиологиялық жағдайды ерекше бақылауда ұстайды. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің (СЭҚ) жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды. Қазақстанда су тасқынына тән инфекциялар бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай байқалады. Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында СЭҚ ауыз сумен қамтамасыз етуді бақылауды күшейтті. Су тасқыны басталғалы бері 4 мыңнан астам ауыз су сынамасы алынып, санитарлық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштері бойынша тексерілді. Судың сапасы мен қауіпсіздігіне зертханалық бақылау нәтижелері бойынша жұқпалы аурулардың су арқылы таралу қаупі жоқ. Су тасқыны кезінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу және су басқан учаскелерде аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу мәселелері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету үшін өңірлерге Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары жіберілді. Өңірлерде санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
08.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1106
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7153
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11006
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7217
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7362