Сенаттың жалпы отырысында ҚР Үкімет басшысына сауал жолдаған депутат Андрей Лукин: «Радикалдану — Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне, әсіресе қылмыстық-атқару жүйесіне төнетін қатерлердің бірі болып табылатынын ұмытпаған жөн. Осы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жалпы елімізде қылмыстық-атқару жүйесінде діни және террористік ұйымдардың 500-ден астам көшбасшылары мен қатысушылары бар екені есте болсын. ҚАЖ-дағы бас бостандығынан айыруды өтеуге арналған 64 мекеменің тек 9-ында ғана камера бар. Онда еліміздегі сотталғандардың жалпы санының 18,3 пайызы отыр. Жұмыс істеп тұрған мекемелер негізінен өткен ғасырдың 30-70-і жылдарында барақ түріндегі салынған ғимараттар мен құрылыстар болып табылады. Егер бір барақта түрме субмәдениеті мен қылмыстық ортаның бүкіл процесін жоққа шығаратын 100-ге жуық сотталған адам болса, онда мұндай жағдайда тәрбие жұмысы туралы айту мүмкін емес. Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы орындау мақсатында, ең алдымен радикалды көзқарастағы сотталған адамдарды камерада ұстауды қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп тұрған мекемелерге қайта жаңарту жүргізу, өлтірмейтін қарумен және арнайы құралдармен, оның ішінде радиобайланыс құралдарымен, техникалық күзет құралдарымен, ұялы байланысты бұғаттау жүйелерімен толық жарақтандыру арқылы түзеу мекемелеріндегі күзеттің тиімділігі мен қауіпсіздік деңгейін арттыруды, сонымен қатар, тексеру құрал-жабдықтарымен жабдықтау арқылы сотталушылардың ұялы телефондарды заңсыз пайдалануына бақылауды күшейту мәселесін пысықтауды ұсынамын»,— деді.