Жастар – біздің болашағымыз, ол бізден күнделікті қамқорлық пен тынымсыз ілтипатты қажет етеді. Жастарымыздың адамзаттық болмыстағы, әсіресе, дін саласы сияқты нәзік саладағы құнды бағдарларын білу өте маңызды. Діни тәрбиені отбасыдан беру керек. Себебі, «ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген сөз бар.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, тәуелсіздіктің нығаюы үшін этносаралық кикілжіңдерді болдырмай, дінаралық татулықты сақтау бағытында көптеген шаралар ұйымдастырылуда. Соның ішінде аталған мақсатқа қол жеткізу үшін аудандағы дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері жоспарға сай жұмыстар жүргізіп келеді.
Бүгін Б.Адамбаев атындағы тірек орта мектебінде "Дін және қоғам" атты оқушылармен кездесу өтті. Кездесуге Сарысу ауданы Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Б.Балғабай, ішкі саясат бөлімінің теологы М.Мырзағараев, және Байқадам ауылдық округінің маманы М.Еспенбетов қатысты.