Д.САТЫБАЛДЫ: «АУЫЛ АМАНАТЫНА» ЖАУАПТЫЛАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРІ ҚАРАЛАДЫ»

Д.САТЫБАЛДЫ: «АУЫЛ АМАНАТЫНА» ЖАУАПТЫЛАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРІ ҚАРАЛАДЫ»
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының облыс тұрғындарымен есептік кездесуі кезінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша бірқатар сын айтылуына байланысты облыс басшысының тапсырмасымен бағдарламаның іске асыру барысына талдау жүргізілді. Нәтижесінде бірнеше кемшіліктерге жол берілгені анықталды. Енді оған жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігі қаралады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте мәлімденді.
Облыс әкімінің аппарат басшысы Еркеғали Әлімқұловтың баяндауынша, облыс әкімі аппаратынан жұмыс тобы құрылып, олар бағдарламаға қатысатын 64 ауылдық округті аралап шыққан. Несие алушылардың арасында 18 сұрақтан құралған анонимді сауалнама жүргізілген. Тұрғындармен сөйлесу кезінде жобаға қатысқан 340 тұрғынның басым бөлігі мал шаруашылығы бағытын таңдағаны анықталған. Несие алып, кәсіп ашуға бел буғандардың арасында Ырыс микроқаржы ұйымы тарапынан кепілге қойылатын мүліктің тәуелсіз бағалаушы мекемелер бекіткен бағадан төмен бағалауы да кері әсерін тигізуде.
Халыққа түсіндіру жұмыстары да төмен деңгейде жүргізілген. Нәтижесінде тұрғындар қосымша шығындарға ұшырауда. Талдау қорытындысымен танысқан облыс әкімі жауаптыларға қатаң ескерту жасады. «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру бойынша нақты шаралар қабылдауды, анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жоюды тапсырды.
- Мен халықпен кездесуде осы «Ауыл аманаты» бойынша бағдарламаның жүзеге асу барысын білу үшін халықтың өзінен сұрап отырдым. Сонда несие алғандардан қандай қиындықтардың болғанын білдім. Жерлестеріміздің шағымы көп. Атап айтқанда, тұрғындар рәсімдеу кезінде құжаттардың созбалаңға салынуы, олардың тізімінің тым көптігі, қаржыландырудың төмендігі секілді кедергілерге кезігуде. Халықтың талабы орынды. Қолдан кедергі жасалынғандай. Халыққа түсірдіру керек. Ал, бізде аудан әкімдері өзімен өзі, бағдарламадан тыс қалып, қарап отыр. Ауыл әкімдерінің халықпен байланысы жоқ. Бағдарламаның жүзеге асуына кедергі болғандар анықталып, оған жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігі қаралады,-деді облыс әкімі.
Бағдарламаның жүзеге асу барысы облыс әкімінің жігі бақылауында. «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында шаруаларды несиелендіру жүргізілуде. Пилоттық жоба бойынша несиелендіру өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары секілді 6 бағытта жүзеге асырылады. Сондай-ақ кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндіктері бар. Бағдарламаның іске асырылуы тұрғындарды жұмыспен қамту арқылы жеке табысын ұлғайтуға, ауылдардағы мүлікті және бизнестің жаңа субъектілерін тіркеу арқылы 4-деңгейдегі бюджеттің салық базасын ұлғайтуға, толық циклді қайта өңдеу өндірістерін құру есебінен жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
12.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 30
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 153
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 190
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 186
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 153
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 299
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 297
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 517
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 470

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9171
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8569
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11797
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9565
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10777