Қазақстан дзюдо федерациясы: «Атырауда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күнінде аралас-командалық бәсеке бойынша үздіктер анықталды. Оған барлығы 18 команда қатысты. Нәтижесінде Жетісу құрамасы үздік атанды. Маңғыстау облысы күмісті місе тұтса, Алматы облысы мен Атырау құрама командалары үшінші орынды өзара бөлісті. 2022 жылғы Қазақстан чемпионатының жекелей сындары бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан барлығы 500-ге жуық спортшы қатысты. Жекелей сында Ақтөбе облысының спортшылары 3 алтын мен 1 қола жүлде жеңіп, медаль кестесінде көш бастады. Атырау облысының дзюдошылары 2 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлдемен екінші орынға жайғасса, қоржынында 2 алтын, 1 күміс және 2 қоласы бар Алматы қаласының құрамасы үздік үштікті қорытындылады», – деп хабарлайды.