Е. Қарашөкеев: Шағын қалалардың шырайын арттыру – маңызды

Е. Қарашөкеев: Шағын қалалардың шырайын арттыру – маңызды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Талас ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар нысандарды аралап, кәсіпорынның жұмысын көрді.

Аймақ басшысы алдымен Қаратау қаласындағы орталық саябақты жөндеу жұмыстарын тексерді. Саябақты абаттандыруға өткен жылы аудандық бюджеттен 16 млн.теңге қарастырылып, тиісті жұмыстар жүргізілген. «Кеншілер» монументі орналастырылып, субұрқақ қойылды. Дегенмен тозығы жеткен саябақ толық абаттандыруды қажет етеді.

Облыс әкімі мәселеге қанығып, оның шешу мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.

Қала әкімі Дархан Баймбетов шағын шаһардың даму жоспары туралы баяндады.

Аймақ басшысы аудан және қала әкіміне шағын шаһардың шырайын арттыру, тұрғындардың тұрмысын жақсарту бағытында кешенді шараларды нәтижелі жалғастыруды тапсырды.

Қаратау қаласындағы орталық жылыту қазандығында 500 тоннаға жуық мазут қоры бар. Нысан 152 көппәтерлі тұрғын үй мен мемлекеттік мекемелерді, түрлі әлеуметтік және коммерциялық нысандарды жылумен қамтамасыз етеді.

Мұнда электр желілерін жөндеу, жылу желілерін қалпына келтіру, қазандықтарды ағымдағы жөндеуден өткізу және мазут отын шаруашылық нысандарына жабдықтарды орнату мен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ал 2024-2025 жылдарға арналған жылыту маусымына дайындық барысында мазут шаруашылығы мен жеке қазандықты қайта жаңғырту үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткен.

Аймақ басшысы тұрғындарды қажетті жылытумен тұрақты қамтамасыз етуде ешқандай мәселе болмау керектігін ескертті.

«TALAS INVESTMENT COMPANY» серіктестігі жыл сайын 15 мың тонна натрий ционидін өндіруге қауқарлы. Өндіріс қуаттылығын жылына 30 мың тоннаға жеткізу мақсатында кәсіпорынның екінші кезеңінің құрылысы қолға алынған. Жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда, 300 жаңа жұмыс орындары құрылады деп жоспарлануда.

Ербол Қарашөкеев осындай ірі кәсіпорындардың іргесінде шағын жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталып, бұл бойынша берілген тапсырманың орындалуын сұрады.

Серіктестік басшылығы 5 шағын жобаның жоспарланып отырғандығын жеткізді. Сондай-ақ ол инфрақұрылымға қатысты бірқатар мәселелерді көтерді.

Облыс әкімі аталған мәселеге қатысты жауаптыларға тиісті шараларды қарастыруды тапсырып, кәсіпорын басшылығына өндірістің тиімділігін, бәсекеге қабілеттігін басты назарға алу керектігін атап өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі
24.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 143
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 47
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 138
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 143
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 330
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 323
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 946

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9021
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8417
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11644
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9400
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10627