Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында: «ЕАЭО елдерінің экономикасы 2021 жылы қалпына келуде белсенділік танытып, пандемияға дейінгі көрсеткішке көтерілді. Сонымен қатар сарапшылар биыл әлемдік экономиканың өсімін болжап отыр. Одақтың ішкі жалпы өнімі биыл 3,1 процентке көтеріледі деп жоспарланған. Қалай десек те, осы жылды күрделі жағдайда бастағалы тұрмыз – геосаяси тұрақсыздық, жоғары инфляция біздің елдер үшін оңайға соқпайды. Алайда тәжірибе көрсеткендей, біз жаңа экономикалық өзгерістерге жедел әрі ынтымақтастықта жауап беруді үйрендік. Әр ел өзінің ұлттық мүддесін, ұлттық нарығын қорғауға тырысады.Экономикалық турбуленттік жағдайында біздің стратегиялық болашағымыз үшін ұлттық мүдде мен интеграциялық процестердің тиімді балансын табу қажет», – деді.