Қазақ спортшыларынан соңғы болып жарыс жолына конькиші Екатерина Айдова шыққан болатын. Конькимен жүгіруден әйелдер арасында 500 метр қашықтықта сынға түскен ол мұз айдынында қытайлық Тайбэйден келген Хуан Ю-Тинмен жұптасып жүгірді. Жерлесіміз екеуара жарыста мәре сызығын 38,54 секунд көрсеткішімен бірінші болып кескенімен, жалпы есепте жүлдегерлер қатарынан көріне алған жоқ. Еске сала кетейік, Екатерина Айдова шорт-трекші Абзал Әжғалиев Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан құрамасының ту ұстап шыққан болатын.