Егін шаруашылығына бейім өңір

Егін шаруашылығына бейім өңір

Жерінің орналасқан аумағының ерекшелігінен болса керек, Меркі ауданында негізі шағын және орта кәсіпкерлік кең қанат жайған. Табиғаты туристерді де, инвесторларды да тартып тұрады. Екіншіден, шекаралас аймақ. 

Әсіресе меркіліктер мал және егін шаруашылығына бейім. Әр үй өз шарбағына бақша өнімдерін егіп, артылғанын сатып, қысқы азығын да қамдап алады. Ал кәсіпкерлікте қызмет көрсету саласы басым. 

Аудан әкімінің берген ақпаратына сүйенсек, бүгінде ауданда жұмыс істеп тұрған 6094 шағын және орта бизнес  субъектілерінде 9610 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 2021 жылмен салыстырғанда өңірде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1559-ға, жұмысшылар саны 1734 адамға ұлғайыпты. 

2023 жылы да бірқатар ауқымды жобаны жүзеге асырып, тұрғындарды жұмыспен қамту көзделуде. 2023 жылы «Бахор» шаруа қожалығының «Тауарлы сүт фермасы» жобасы іске асырылады деп күтілуде. Бұдан бөлек «Мерагро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Тәтті ауылдық округінің Ақжол ауылынан индустриалдық алаң ашуды қарастыруда. Жобалық құны 1 миллиард теңгені құрайтын индустриалдық алаңның аумағында 3 жоба (құрама жем зауыты, тауарлы сүт фермасы және балық зауыты) орналастырылады. Қазіргі таңда аталған кәсіпорынға 10 гектар жер беріліп, мемлекеттік актісі дайындалу үстінде. Жоба 2023-2027 жылдар аралығында іске асырылады. Жоба іске қосылған кезде 450 адам жұмыспен қамтылады. 

«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында аудан бойынша жалпы 1 миллиард 487 миллион теңгені құрайтын 245 жобаға қолдау көрсетілген. 

Кәсіпкерліктің кең қанат жая бастағаны жергілікті билік үшін де, халық үшін де тиімді екенін айта кеткен жөн. Өз ісін ашып, тірлігін дөңгелеткен азаматтардың өңір экономикасын тұрақтандыруға қосар үлесі мол. Себебі өнім өндіру ішкі нарықтағы бағаның шексіз өсімін төмендетеді. Сондай-ақ табыс көлемі артады. Маусымдық кезеңдерде ауыл тұрғындарына уақытша жұмыс орны ашылады. 

 

ЖАСҰЛАН СЕЙІЛХАН, Жамбыл облысы
21.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 33
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 48
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 111
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 308
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 302
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 924

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8997
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8392
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11617
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9375
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10601