Егістік және жол жиегіндегі орман жолақтарын күтіп-баптау мәселесі басты назарға алынады

Егістік және жол жиегіндегі орман жолақтарын күтіп-баптау мәселесі басты назарға алынады
 0

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте алдымен әдеттегідей жергілікті атқарушы органдардың халықпен кері байланыс мәселесі қаралды.

Алғашқы болып баяндама жасаған облыс әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Данияр Асқарұлы аудан әкімдерінің орынбасарларының әлеуметтік желідегі белсенділігі, олардың тұрғындардың сауалдарына жауап беру деңгейіне жүргізілген талдау қорытындысына тоқталды. Сондай-ақ, облыс әкімінің кеңесшісі Нұрмухамед Ниязбеков қоғам өкілдері тарапынан көтерілген өзекті мәселелерді баяндаса, «Жамбыл облысы бірыңғай диспетчерлік қызметі» КММ-нің басшысы Бақкелді Тұрсынбек өтініштердің орындалу көрсеткішін жеткізді.

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес тұрғындардың барлық сұрақтарына уақытылы әрі сапалы жауап беру керектігін ескерткен аймақ басшысы мәселелерді шешу бойынша жұмыстарды ұтымды ұйымдастыру керектігін де айрықша атап өтті.

Кеңестің күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз алған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының  басшысы Қаныш Алиев ерекше қауіпті және зиянды организмдерге қарсы күрес шаралары туралы хабарлады. Оның айтуынша, Жамбыл облысында үйірлі шегірткелердің 3 түрі таралған. Олар: марокка шегірткесі, итальяндық прус, азиат шегірткесі. Одан басқа саяқ шегірткелердің шамамен 20 түрі кездеседі (ақжолақты саяқ шегіртке, атбасарлық саяқ шегіртке, сібір саяқ шегірткесі, травян Фишері).

— Барлық дерлік шегіртке түрлері ауылшаруашылығы дақылдарына зияндылығы жоғары екендігі белгілі. Қазіргі таңда, шегіртке тектес зиянкестеріне қарсы көршілес мемлекеттермен фитосанитариялық іс-шараларды ынтымақтаса жүргізуге жылда жасалатын келісімшарт жасалды. Облысымыздың барлық аудандарында жергілікті атқарушы органдармен бірлесе өткізілетін  іс-шаралар жиі атқарылады. Фитосанитариялық жағдайға байланысты түсіндірме  жұмыстары жүргізіліп отырады,-деді  инспекция басшысы.

Ағымдағы жылы 73 310 гектар алқапқа республикалық бюджет есебінен химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуі болжануда.  Ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы күресу іс-шараларын сапалы және тиянақты атқару мақсатында үйірлі шегірткелерге қарсы өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру үшін облыстық штаб құрылды және әр ауылдық округтерде жұмыс тобы құрылған.

Аса қауіпті шегірткелердің  таралуын, егінге төнген қауіпті алдын алу, ауыл шаруашылығы дақылдарын  сақтап қалу мақсатында облыстық әкімдікпен бірлескен қажетті шаралар дер кезінде атқарылмақ.

Басқа да аса қауіпті зиянды организмдерге барлығы 9830  га алқапқа болжам көлемі жоспарланған.

 

Облыс әкімі бұл бағыттағы жұмыстардың маңыздылығын баса айтып, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Сондай-ақ, Нұржан Нұржігітов облыс аумағындағы егістікті қорғайтын және автомобиль жолдары бойындағы орман жолақтарының қурап кетуінің алдын алу шараларына да назар аудартты. Аудан әкімдеріне ерте көктемде және күз айларында агротехникалық жұмыстар орындау, күтіп-баптау жұмыстарын жүйелі жүргізу бойынша міндеттер жүктеді.

Бұдан бөлек басқосуда облыстағы қоғамдық-саяси ахуалға көңіл бөлініп, референдумға дайындық барысы пысықталды.

 

 

 
Жамбыл облысы әкімдігі
01.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 261
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 395
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 391
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 622
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 564

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9266
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8662
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11889
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9663
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10871