ЕКІ ДҮНИЕНІ ОЙЛАУДЫҢ ПАРҚЫ МЕН НАРҚЫ

ЕКІ ДҮНИЕНІ ОЙЛАУДЫҢ  ПАРҚЫ МЕН НАРҚЫ

Ішіп-жейсің. Жар құшасың. Бала-шаға өрбітесің. Арақ ішіп, наша шегіп алып көлік айдасаң, біреуді соғып жазым етсең, ұрлық істесең, ар-намысқа тіл тигізсең заң бар.  Жазықсың жанның көз жасы бар. Сотталасың. Яғни сот бар. Айыптаушы прокурор, ақтаушы адвокат бар. Мұның бәрі осы дүниеде. Бәріміз білеміз оны. Пенде болғасын түрлі жағдайлар болып тұрады. Мысалы біреу машинадан аударылады. Көліктен дым жоқ. Өзі дін аман. Көрген жұрт «Алла сақтаған екен» деп таңданып жатады. (Оның бәрі намаз оқымауы мүмкін). Сәби талпынып жатып кереуеттен құлап кетуі мүмкін. Еш жері сынбаған. Көрген жұрт «Періштесі қаққан екен» деп таңдай қағысады.

Біреу ашуға мініп, жөн-жосықсыз біреулерді тілдеп, ұрып жатса «Мынаны жын соғып кеткен бе?» дейтіні тағы рас. Демек адам баласының бойында бір тылсым дүниеге деген сенім бар. Ол сенім – ата-баба қаны арқылы жеткен асыл қасиет тіні. Ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса бермек.

Олай болса «Алла», «Періште», «Жын» деп кімдерді айтып жатырмыз? Олар қайда? Неге қиналғанда аузымызға бірінші осылар түседі? Бұдан біздің ұғатынымыз мына өмірмен параллель әлем бар екені. Біздің көзіміз перделенгендіктен, оны көре алмаймыз. (Жалған дүниеге құл болмаған, құлшылықтан нәр алған әулие-әмбиелер тылсым дүниенің сырын ұғуы әбден мүмкін).

Енді ақыл-ойы кемел адам баласы ойланса керек-ті. Алла деп, Жаратушы деп кімді айтамыз? Ол қалай сақтайды? Неге ол жалғыз? Жәй ғана бір мысал. Физика да, математика да, геометрия да нақтылықты, дәлдікті қалайды. Егер күн мен түн сәл «мүлт кетсе», бір-біріне байланып тұрған тіршіліктің күлі көкке ұшады. Ақырзаман орнайды. Жер бетін топан су басады. Демек, басқарушы бір құдіреті бар бәрін реттеп тұрған.  

Көне грек мифологиясындағы көп құдайшылыққа қараңыз, олар бір-бірімен айқасады. Соғысады. Құдайлар «қырқысқан жерде» қайдағы ақиқат. Исламға дейінгі арабтардың пұттары да бір-бір «құдай» еді. Христиандар да Иса пайғамбарды Алланың ұлы деп адасып, тарам-тарамға бөлінді. Қазақ атамыз «жалғыз Аллаға» сыйындым дейді. Содан медет тілейді. Бірақ оның мекенін іздемейді. Жамандықтан сақтаса, «Аллаға шүкір» дейді. Басына қайғы-қасірет келсе, «Бәрі Алланың ісі» дейді.

Жалған дүниеде жақсылыққа марапат, алғыс хат беріледі, жамандыққа сот үкімі шығады. Жазасын тартады. Алайда әділдік үнемі салтанат құра бермейді ғой. Ақшаның күшімен, болмаса тамыр-таныстықпен заңды белшесінен басып, ойына келгенін жасап жүргендер неге сұрақ-жауапсыз кетуі тиіс бұл жалғаннан? Әлде олардың үн-түнсіз, есеп-қисапсыз кеткенін сіз де қалайсыз ба?  Бұл әділдік емес қой?  Жәй адами көзбен қарап көріңізші. Әйтпесе бұл өмірдің не мәні бар? 

Біреудің қиянат көрген, таршылықта өмір сүрген, еңбегі еленбеген пенделердің өле сала ізім-қайым жоғалғаны да логикаға қайшы нәрсе. Жақсылықтың өтеуі болмаса, оның қандай  құны болмақ! Яғни, ана дүниеде де сұрақ-жауап болары һақ. Жоқтан бар етіп сені жаратқан Алланың соты – әділ сот. Сені қаралайтын да, ақтайтын да періштелер қасыңда жүр. Олардан ешқашан қашып құтыла алмайсың. 

 Ана дүние жоқ деп, басқаны білмеймін, дәл қазақ айта алмайды. Себебі олай десе, жалған дүниеден өтіп кеткен  ата-бабасы мен ата-анасын да жоғалтады. Аруақты жоғалтса, қазақ «мазақ» болады. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген тәмсілдің мағынасы тереңде білгенге. Атамыз қазақ «ана дүние бәріміз баратын жер, оған иманмен бару керек» деп қысқа қайырған. Сөйте тұра «Бір күндік өмірің қалса, он күндік мал жина» деп және айтады. Өлуге асықпа дегені.

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
25.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

СӘБИДІҢ ОБАЛЫ КІМГЕ?
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 11.10.2024 200
Алаш жұрты  Ғарифолласынан айырылды
«Qazaqstan dauiri» газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналының ұжымы - 25.09.2024 1071
13 жасар оқушы  бес түрлі қамшы өреді
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 1110
Ұстаздар 8 перзент  тәрбиелеп отыр
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 1091

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6083
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 5525
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 8712
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 6516
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 7723