Екібастұз – жемқорлық құрбаны

Екібастұз – жемқорлық құрбаны

Әлі есімде, бұдан он шақты жыл бұрын Екібастұздағы жылу электр орталығын сатып алған «Павлодарэнергосбыт» АҚ бас директоры Талғат Арғынов кезекті тарифті көтеру мәселесімен бұқаралық  тыңдау өткізді. Сол жиында 5-6 адам ғана болдық. Журналистерден тек Екібастұздағы жалғыз қазақтілді басылым – «Отарқа» газетінен мен ғана қатыстым. Кезекті тарифтің көтерілуіне қарсы шықтық. «Сендер Екібастұзды сорып отырған паразитсіңдер. Бізді жайымызға қалдырыңдар. Екібастұз сен сияқты жатыпішерлерді асырауға міндетті емес» деген ауыр-ауыр сөздерге барды Шамғон Мусин сынды көпті көрген ақсақал. Соған қарамастан, жылу желілерін, орталықтағы қазандықтарды жаңартамыз деген сылтаумен ауық-ауық жылу тарифі көтеріліп отырды. Бұл, әрине, тұтынушылардың қалтасына салмақ салды. Мен сол кезде жас болсам да,  халықтың үні шенеуніктерге, олардың ар жағындағы олигархтарға жетпейтінін пайымдадым.  Тағайындаумен келген әкімдер есінен адасты: қаладағы паркте  ешкімге қажет емес ашық бассейн салды (сол уақытта бірде-бір фонтанды іске қоспады), сауда үйлері бірінен соң бірі ашылып жатты, енді келіп кремний зауытын саламыз деп, тың жерде түрен салды.

Ал былтырдан бері жергілікті журналистер «Жылу энергетикалық орталығының халі мүшкіл», «Жылу құбырларының  90 %-ы тозды», «Екібастұзда қыста жылусыз қалу қаупі бар» деп топтама мақалалар жариялағанына қарамастан, осы мәселені жылы жауып қойды. Шамасы, қыс жылы болады деп үміттенсе керек. Ал енді не болды? Қариялар мен балаларға обал. 

P.S. Кеше суық үйде тісіміз-тісімізге тимей, сақылдап отырғанда, менің 11-сыныпта оқитын ұлым қайнаған су құйылған пластик бөтелкені   берді. Сол бөтелкені құшақтап, суық үйде түнеп шықтым. 

Екібастұз – жемқорлардың құрбаны. Жемқорлық әбден сүйегімізге  дейін өтіп кеткен екен. Оны 30 градус аязда суық үйде отырып сезіндім.

 

Дария ЕРҒАЗИНА
05.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда шөп орағы басталды
Жанысбек Арыстанбеков Әшір Бүркітбаев ауылы - 27.05.2023 87
АГРОСАЛАДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы - 27.05.2023 34
Әскери міндеттілермен кездесу
Қордай ауданының әкімдігі - 27.05.2023 69

Топ жаңалықтар

1
Шыңғысханның төр мен босағаны сынауы
Show more
- 2023-05-27 58
2
Қарағанды да бос орындар жәрменкесі өтті
Show more
- 2023-05-27 57
3
Оралдық оқушы республикалық білім додасында жеңімпаз атанды
Show more
Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы - 2023-05-26 148
4
Жарты ғасыр тарихы бар - Маңғыстау газеті
Show more
Голрох Жеменей - 2023-05-25 308
5
Вейп пен электронды темекіге тыйым салу керек пе?
Show more
Нартай Сарсенғалиев, ФБ парақшасынан - 2023-05-23 489