Экономикалық диверсияның артында кім тұр?

Экономикалық диверсияның артында кім тұр?

    «Жанармай тапшылығын экономикалық диверсия» деп атаған мәжілісмен Серік Ерубаев «Ақ жол» фракциясы атынан ҚР Энергетика министрі Мағзұм Марзағалиевтің атына депутаттық сауал жолдап, онда: «Жанармай тапшылығы мен оның құнының өсуіне байланысты кәсіпкерлер мен жүк тасушылар және жүргізушілердің наразылық акциялары өтуде. Мұнай өнімдерінің бағасына экономиканың барлық салалары тәуелді әрі ол біздің кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Ал дизельдің саудада болмауы экономиканы тығырыққа тірейді. Мұнай өнімдерінің маусымдық тапшылығы жыл сайын қайталанатын көрініс болып кетті. Дәл көктемгі егін егу немесе күзгі астық жинау кезінде біздің мұнай өңдеу зауыттарының жөндеу жүргізуге тоқтайтыны дәстүрге айналды.  Кезінде Атырау, Шымкент, Павлодар мұнай өңдеу зауыттарының қуаты жеткіліксіз екені байқала бастаған тұста  төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі қызу талқыланған-ды. Бірақ мұндай шешім қабылданбай, қолданыстағы зауыттарға жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның да жеткіліксіздігін уақыт көрсетті. Ал біз мұнай экспорттаушы мемлекет бола тұра мұнай өнімдерін импорттауға мәжбүрміз.  Өкінішке қарай, министрлік те отандық дизельмен ішкі нарық сұранысын қамтамасыз ете алмай отыр. Дизель бағасы 189 теңгеден 240-285 теңгеге дейін көтерілген. Сондықтан да ол халық арасында бағаның өсуі жасанды емес пе деген ой туғызуда. Сондықтан мен министрге бензин және дизель шығара алатын мемлекеттік мұнай өндірушілерге қарап қалмай, жекеменшік кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетуді ұсынамын. Өйткені, кәсіпкерлердің ондай жоспары болғанымен, министрлік тарапынан қолдау таппай отыр»,– десе, «Нұр Отан» партиясының атынан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдап, азық-түліктің қымбаттауы жанар-жағармай бағасына байланысты екеніне нараз аудартқан Ғалым Әміреев: «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бірі нанның бағасы көтеріліп жатыр. Бұл мәселе депутаттық сауалдарда бірнеше рет көтерілгенімен, әлі де шешімін таппай отыр. Биылғы көктем, жаз айларында сәбіз бен картоп бағасының 500-600 теңгеге дейін өсуі қоғамда үлкен резонанс тудырды. Алайда ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан ешқандай тұжырым жасалған жоқ. Биылғы жылы қазақстандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне құрғақшылық салдарынан түсімнің төмендігі елеулі соққы болды. Уәкілетті органдардың жауапсыздығынан жанар-жағармайдың, әсіресе, дизель отынының бағасы литріне 300 теңгеге дейін жетіп, кей уақытта жанармай бекеттерінде тапшылық та орын алып жүр. Мұның бәрі экономикалық диверсиға өте ұқсас. Бұл – энергетика министрлігінің жауапкерсіздігінен туындаған жағадай. Біреулер үшін жанар-жағармай бағасының күрт өсуі жауапсыздық нормасына айналды. Бұл үнемі көктемгі егіс жұмыстары мен егін жинау кезінде орын алып келеді. Бұл ауыл шаруашылық мамандары үшін ең жауапты кезеңде қасақана жасалатындай әсер қалдырады», – деді ренішін жасыра алмай.  

      Қазақстан халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров: «Біз үшін қазан айында Ресей федерациясынан кемінде 100 мың тонна дизел отынын әкелу өте маңызды. Қыркүйекте 20 мың тонна импорттадық. Қазан айының 4 күнінде шамамен 12 мың тонна түсіп үлгерді. Жағдай әзірге күрделі. Бірақ тұтастай алғанда импорттық өтінімді жеткізудің оң трендін көріп отырмы. Дегенмен, өз басым  еліміздің Ресейден жанар-жағар май сатып алуына қарсымын. Бұл маусымдық проблема емес, саладағы кризистің нәтижесі. Тапшылық пен қымбатшылықтың себебі отандық арзан отынның көрші елдерге заңсыз шығарылуынан.  Алайда министрлік пробеламаны шешу үшін Ресейден бағасы удай дизельді жеткізуді ұсынып отыр. Арзанға сатып, қымбатқа сатып алу қағидатына сүйенген мұндай парадоксальды экономика жанармай нарығындағы тұйық саясат пен ұзақ мерізімді жоспардың болмауынан салдырынан туындап отыр. Ал, министр Мағзұм Марзағалиев еш саспастан, арқаны кеңге салып отыр»,– деп салды.

    Мәжілісмендер болса, елімізде төртінші мұнай өңдеу зауыты салынса тапшылық болмас па еді деген пікірде. Алайда үкімет жаңадан зауыт салудың орнына үш мұнай өңдеу зауытын жаңғыртуды қош көріп, мәселеге нақты назар аудармай отыр.

Ермек Сахариев
11.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

ШАРДАРА АУДАНЫНДА 1000 ШАҚЫРЫМҒА ЖУЫҚ СУ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 20.04.2024 11
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕСКЕКШІЛЕРІ 4 МЕДАЛЬ МЕН 1 ОЛИМПИАДА ЖОЛДАМАСЫН ЖЕҢІП АЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 20.04.2024 8
 АРЫСТА БАҒДАРШАМДАР РЕТКЕ КЕЛТІРІЛУДЕ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 20.04.2024 16
Жуалыда жаппай тал егу акциясы өтті.
Жуалы ауданы әкімдігі - 20.04.2024 11

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 876
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6945
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10785
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7017
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7156