Экономикалық ынтымақтастық сауда арқылы жанданады

Экономикалық  ынтымақтастық сауда арқылы жанданады

Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара, солтүстігінде және батысында Ресеймен – 6 467 км құрайды. Оңтүстігінде –Түрікменстан – 380 км, Өзбекстан  – 2 300 км және Қырғызстан   – 980 км, ал шығысында  – Қытаймен – 1 460 км шектеседі. Осы көрші елдермен сауда экономикалық ынтымақтастық жақсы жолға қойылған. Бұл ел дамуының басты шарты. Егемендіктің елең-алаңында Қазақстан «алдымен – экономика, содан соң саясат» ұстанымына басымдық беріп, әуелі алыс-беріс пен барыс-келісті құнттауға көшкені белгілі. Нарық заманының талабы сол, озық елдердің қатарынан көрінуді көздесең – ұсынатын қызметің мен сататын тауарың бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Қуантарлығы, жаһандық экономикадағы жағымсыз үрдістерге қарамастан еліміздің сыртқы саудадағы қарқыны бәсеңдеген жоқ. Бүгінгінің саудагеріне тауарды сату үшін жолға шығып, шетел асудың қажеті шамалы. Атап айтқанда тауар өндірушілерге ауырды жеңілдетіп, алысты жақындататын цифрлы технологиялар қолғабыс етіп, біршама жұмыс оңтайланды. Сауда және интеграция министрлігі берген мәліметке сүйенсек, Alibaba халықаралық электронды платформасына 100 отандық компания шығарылған. Былтыр жыл соңына дейін тағы 50 компания осы платформа арқылы өз өнімдерін сатуға мүмкіндік алды. Бұл бағдарламаға қатысқандардың жалпы кірісі 72,5 млн долларға жетті. Экспортты ілгерілету үшін Сыртқы істер министрлігі шетелдегі мекемелерді тарту мақсатында елдік экспорттық бағдарламаларды әзірледі.

Былтыр В2В немесе «Бизнеске арналған бизнес» форматы аясында кездесулер жанданып, Орталық Азия елдерінде (Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан), Әзербайжанда, сондай-ақ Ресейдің Екатеринбург және Қазан қалаларында 9 сауда-экономикалық миссия өткізілді. 50-ден астам экспорттық келісімшартқа қол қойылып, жалпы сомасы 150 млн-нан аса долларды құрайтын уағдаластыққа қол жеткізілді. Шикізаттық емес экспортты дамытуға арналған кешенді шаралардың нәтижесінде 2025 жылға қарай кіріс 41 млрд долларға жетеді деп болжанып отыр. 

Сауда – кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратын сала. Қазір әлемдік ішкі жалпы өнімдегі сауданың үлесі 23%-ды құрайды. Осы саладағы басты тәуекелдердің бірі сауда протекционизмінің күшеюімен байланысты. Дүниежүзілік банк сарапшыларының бағалауына сәйкес жаһандық тауар айналымы 9%-ға қысқарады. Экономикалық аймақтардың күшеюі, әсіресе Еуропалық одақ және Азия-Тынық мұхиты елдерінде тауар айналымының 60%-ы өңіраралық саудаға бейімделіп жатқанын айта кеткен орынды.

Жаһандық экономикадағы теріс үрдістерге қарамастан былтырғы 9 айда сыртқы саудада айтарлықтай оң серпін байқалады. Мәселен, тауар айналымы алдыңғы жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 12,7%-ға артып, 72,8 млрд долларға (2020 жылда 64,6 млрд долларды құрады) жетті. Бұл ретте экспорт 20,6%-ға (35,9 млрд доллар) ұлғайғанын айта кету керек. 

ЕАЭО аясында тауар айналымы өткен жылы 9 айда 18,5 млрд-қа ұлғайып, бұл алдыңғы кезеңнен 28,4%-ға (2020 жылы 14,4 млрд долларды құрады) артты. Одақ көлеміндегі экспортта 39,2%-ға артып, 5,6 млрд долларды құрады. Еліміздің бастамасына сәйкес тауарлардың шығарылуын растайтын сертификаттың жаңа түрі, атап айтқанда тез бұзылатын өнімге арналған «сериялық өнім сертификаты» енгізілді. Бұл отандық тауарлардың ЕАЭО нарықтарына таралуын жеңілдетіп, экспорттаушылардың қаржылық шығындарын азайтады. Қазір тауарлар тізбесін кеңейту жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Сауда министрлігінің мәліметі бойынша қазақстандық тауарлардың өткізу нарықтарын кеңейтіп, қолайлы жағдай жасау үшін Иран, Вьетнам және Сербиямен еркін сауда аймағы туралы келісімдер жасалды. Аталған мемлекеттер өз нарықтарында Қазақстан тауарларына неғұрлым жеңіл шарттарын ұсынып отыр. Бұл бағытта қызметтер бойынша Сингапурмен келіссөздер аяқталуға жақын. Құны 800 млн долларға байланысты Израиль, Мысыр және Үндістан елдерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Елімізбен сауда экономикалық ынтымақтастық орнатқан әлемнің жетекші елдері жетерлік.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Халықаралық сауда жүйесінің толыққанды қатысушысына айналғанын атап өткен абзал. Осы салада Ресей Қазақстан Республикасының негізгі сыртқы экономикалық серіктесі рөлін жалғастырып келеді. 2021 жылы елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық серпіні біртіндеп қалпына келтірілуде. Биылғы қаңтар-маусым айларында екіжақты тауар айналымы $10,7 млрд құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 27%-ға жоғары. Қазіргі динамика сақталған жағдайда, екі ел арасындағы сауда көлемі биыл $23 млрд-тан асуы мүмкін.

Қазақстанда Ресейдің қатысуымен 7791 кәсіпорын және 3325 Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорындары жұмыс істейді. Ресейлік компаниялар ҚР экономикасына салынған қаражат көлемі бойынша басты инвесторлардың бестігіне кіреді. Соңғы 10 жылда Ресей Қазақстанға шамамен $12,6 млрд инвестиция салды. Ресейлік компаниялардың инвестициялық портфелі әрбір салада дерлік бар. Жалпы сомасы $5,3 млрд құрайтын, өнеркәсіптік кооперация, сауда, құрылыс индустриясы, фармацевтика, мұнай-химия және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы 30 бірлескен ірі жоба іске асыру және пысықтау сатысында тұр. Мысалы «Татнефть»-пен бірлесіп шина өндіру зауыты, «КАМАЗ» ЖАҚ-пен шойын құю және жетекші белдемелердің бас берілістерінің редукторларын өндіру зауыты салынып жатыр және т. б. Осы жылдың 6 айында Қазақстан мен Ресей арқылы Орталық Азия, Еуропа, Қиыр шығыс бағыттарында барлығы 406,5 мың ЖФЭ тасымалданды, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегіден 48%-ға артық. Қазақстан аумағы арқылы контейнерлік тасымалдар көлемі 326,2 мың ЖФЭ (+58%) құрады.

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
03.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 28
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 22
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 38
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 15
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 53
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 154
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 158
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 341
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 334
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 958

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9035
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8431
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11659
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9414
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10640