Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев: «Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 3,4 пайызға дейін өсті. Осы есепті кезеңде негізгі трендтер бойынша қызмет көрсету секторында динамиканың жандануы, нақты секторда өсу қарқынының сақталуы, сауда балансының оң сальдосының нығаюы, өндіруші емес секторларда жоғары инвестициялық белсенділік байқалды. Тоғыз айда нақты сектордағы өсім 3,5 пайызды құрады. Қызмет көрсету секторында іскерлік белсенділік 2,9 пайызға дейін өсті. Салалар арасында ақпарат және байланыс, құрылыс, сауда, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі жоғары өсім көрсетті. Сондай-ақ ауыл шаруашылығында да оң өсім байқалып отыр. Қаңтар-тамызда сыртқы сауда тауар айналымы 62,8 миллиард долларды құрады. Оның ішінде экспорт – 37,5 миллиард доллар. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 23,2 пайызға өсіп, 12,1 миллиард долларға дейін жетті. Тауарлар импорты 25,4 миллиард долларды құрады. Жалпы оң сауда балансы өткен айға қарағанда 1,7 миллиард долларға өсіп, 12,1 миллиард долларды құрады», – деп мәлімдеді.