Коронавирус пандемиясын алдын алудың тетігі – екпе қабылдау.
Мұны денсаулық саласының халықаралық сарапшылары мәлімдеп отыр.
Екпе ектіргендерге дерттің жұғу қауіптілігі төмен көрсеткішке ие екені анықталған. Жамбыл ауданында жыл басынан бері індетке шалдыққандар саны 555 адамға жетсе, пневмонияның әбігеріне түскендер 535-ке жетіп отыр. Ал 86049 халқы бар өңірде екпенің бірінші компонентін 27556 тұрғын, екінші дозасын 20948 азамат қабылдаған. Бұл 30 тамыздағы мәлімет.
Бұл туралы аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Нұрмахан Мәуленов бізге берген сұхбатында кеңінен тоқталды.