Экспедициямыз– Қарағандыда

Экспедициямыз– Қарағандыда

Халықаралық «Qazaqstan dauiri» қоғамдық-саяси газетінің «Ауыл аманаты – ел аманаты» атты экспедициясы кезекті сапары аясында Қарағанды облысының Ақтоғай, Бұқар жырау аудандарында болып қайтты. Дәстүрлі экспедиция «АMANAT» партиясы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі,  «Ардагерлер кеңесі» РҚБ, «ЕлАна» қоғамдық, әлеуметтік-танымдық сайты, «Мөлдір бұлақ» журналдарымен бірлесіп жүргізіліп келе жатыр.

Қарағанды қаласына ат басын тіреген экспедиция мүшелері ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Qazaqstan dauiri» ЖШС-нің Бас директоры, «Елана» қоғамдық қорының президенті Сәуле Мешітбайқызы мен журналист Ерқазы Сейтқалиды, «AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Бегзат Алтынбеков пен төрағаның орынбасары Назарбек Бекбатыров күтіп алды. «Qazaqstan dauiri» газетінің бас болуымен талай жылдан бері жалғасып келе жатқан дәстүрлі экспедиция жұмысымен жақсы таныс Бегзат Қомарұлы кездесу барысында партия тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен қоса алдағы жоспарларымен таныстырып өтті. Ары қарай өздері жол бастап Ақтоғай ауданына жүріп кеттік. Сапардың келесі бағыты Бұқар жырау ауданы еді.

Арқаның алты ай қысы кетіп, сары дала енді кебеқұрғақ күйге ауысқан. Сөз басында айтарымыз – біз барған аймақтағы ағайындар көлденең келер апаттан, қарғын судың қырсығынан биыл аман отыр екен. Екі ауданнан көргендеріміз бен көңілге түйгендерімізді газетіміздің алдағы нөмірінен оқитын боласыздар.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ 

17.04.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4929
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5094
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20053
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18697
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22155