Ел аманатын әрқашан биік қойдыңыз

Ел аманатын әрқашан биік қойдыңыз

Ардақты Сәуле Мешітбайқызы!

Сізді мерейлі 80 жасыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сексеннің сеңгіріне сергек жетіп, саналы ғұмырыңызды ел игілігіне арнаған Сіз – ұстаздықты ұлтқа қызмет етумен ұштастырған, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге өлшеусіз үлес қосқан, ақпарат саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырған көрнекті қайраткерсіз. Ұстаздық жолыңыздан бастап, «Qazaqstan dauiri», «Мөлдір бұлақ», «ЕлАна» секілді басылымдардың қалыптасуы мен дамуына дейінгі еңбегіңіз – ұлттық рух пен елдік мұратқа адал қызметтің жарқын үлгісі. Сіз қай кезде де сөздің салмағын, елдің аманатын биік қойып, азаматтық ұстанымыңыздан айнымай келесіз. Өткір ойыңызбен бағыт беріп, талапшылдығыңызбен талай жастың қанатын қатайтып, ақыл-парасатыңызбен кейінгі буынға өнеге болдыңыз. Ақтөбе өңірінің өсіп-өркендеуіне де үлес қосып, ұлт мүддесі жолында игі бастамаларды қолға алып жүрсіз. Ғибратты ғұмырыңыз – бір әулеттің ғана емес, тұтас бір дәуірдің шежіресі. Мерейлі белесіңізде Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, ұрпағыңызға бақ-береке тілеймін. Елдің құрметіне бөленіп, абыройыңыз асқақтай берсін! 

Ізгі ниетпен, 

Асхат ШАХАРОВ, Ақтөбе облысының әкімі 

 

24.09.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28012
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27489
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44863
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40524
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45176