Ел атауы алғаш рет қазақ тілінде жазылмақ

Ел атауы алғаш рет қазақ тілінде жазылмақ

Қазақстан тарихында алғаш рет Олимпиада құрамасының формасында ел атауы қазақ тілінде «QAZAQSTAN» деп жазылмақ. Халықаралық Олимпиада комитеті формадағы жазбаны өзгертуге арнайы рұқсат берген. Халықаралық Олимпиада комитетінің үш әріпті кодтар тізімінде Қазақстан атауы «KAZ» деп жазылады. Себебі аббревиатура халықаралық стандартқа сай. Ұлттық Олимпиада комитетіндегілер: «Олимпиада ойындары – ең алдымен достық пен бейбітшіліктің үлкен фестивалі. Мұнда спортшылар өз елінің атынан өнер көрсетеді. Тек атлеттер үшін ғана емес, жанкүйерлер үшін де айтулы оқиға. Мемлекет атауының жазылуы кез келген форманың негізгі бөлшегі. Сондықтан қазақ тілінде «QAZAQSTAN» деп жазу – құраманы әлемдік қауымдастық алдында танытудағы негізгі қадам. Біз Олимпиада формасындағы негізгі элементті қазақ тілінде жазу спортшыларға сенімділік беретініне сенімдіміз. Форма дизайнындағы қазақ мәдениетінен алынған ұлттық элементтер халықты танытуда маңызды рөлге ие», – дейді.

Ермек Сахариев
27.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 350
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 495
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 339
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 199

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18253
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18112
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33302
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31853
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35569