Ел қауіпсіздігі – басты мәселе

Ел қауіпсіздігі – басты мәселе

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Ермек Сағымбаевты қабылдады. Президентке ұлттық қауіпсіздік органдарында жүргізіліп жатқан жүйелі трансформациялар мен жұмыстың негізгі нәтижелері туралы баяндаған ол: «Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес ҰҚК құрылымы оңтайландырылып, бөлімшелердің қызметтері мен міндеттері нақтыланды. Жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету, сондай-ақ дағдарысқа қарсы басқару жүйесіне жаңа тәсілдер енгізілді. Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмысы қайта құрылып, лаңкестік қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруші рөлі күшейтілді. Жыл басынан бері ТҚО мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарын тарта отырып, 400-ден астам оқу-жаттығу өткізген. Алдын алу шараларының арқасында мемлекетке 900 млрд теңге көлемінде залал келтіруі мүмкін оқиғаға тосқауыл қойылды. 37 миллиардтан астам қаржы бюджетке қайтарылды. ҰҚК материалдарының негізінде 791 қылмыстық іс, соның ішінде 49-ы жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша қозғалды. Мемлекеттік шекараны қорғауды ұйымдастыру күшейтіліп, жаңа технологиялар қарқынды түрде енгізіліп келеді. Шекара арнаулы күштері құрылды. Биыл қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тасымалдаудың 203 заңсыз әрекетінің жолы кесілді. 9 мыңнан астам шекара тәртібін бұзғандар ұсталды. Сомасы 3,5 млрд теңгеден астам валютаның, құны 10 млрд теңге болатын тауарлардың заңсыз тасымалдануына жол берілген жоқ. Елдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі жетілдіріліп жатыр. Жыл басынан бері ҰҚК техникалық қызметтері инфрақұрылым объектілеріне жасалған 295 млн кибершабуыл мен 2 мың DDoS шабуылдың жолын кесті. Құқық қорғау органдарымен бірлесіп, қару іздеу, қоғамға қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтардың және есірткі контрабандасы арналарының жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізіліп келеді. 900 келіден астам есірткі және 11 тонна прекурсорлар алынып, 16 есірткі зертханасы, 24 халықаралық және 45 өңірлік есірткі арнасы жойылды. Заңсыз айналымдағы 773 бірлік қару мен 20 мыңнан астам оқдәрі тәркіленді», – деп мәлімдеді. Мемлекет басшысы ҰҚК органдары қызметінің бағыттары бойынша өзекті сын-қатерлер мен қауіптерді ескере отырып, бірқатар нақты тапсырма берді.

Ермек Сахариев
18.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 22
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 164
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 170
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 385
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 351
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 968

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9043
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8438
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11666
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9429
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10646