Ел тілегі ескерусіз қалған жоқ

Ел тілегі ескерусіз қалған жоқ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығының негізінде облыс әкімі Нұржан Нұржігітов аудан, ауылдық округтерді аралап, тұрғындармен кездесу өткізуде.

Ондағы мақсат – елді мекендердегі мәселелердің дер кезінде көтеріліп, олардың оң шешімін табуына ықпал ету. Осыған орай, облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің Жуалы ауданына кезекті іссапарындағы Б.Момышұлы ауылы тұрғындарымен кездесуі кезінде тұрғындар тарапынан көпқабатты тұрғын үй салу туралы ұсыныс түскен болатын. Бұл жүйелі ұсынысқа өңір басшысы аталған мәселе кезең-кезеңімен және заң аясында шешілетінін жеткізген еді.

Тарқатып айтар болсақ, ауыл ақсақалдары көтерген бұл өзекті мәселе бүгінде өз шешімін тауып отыр. Өткен жылы Б.Момышұлы ауылынан «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында үш қабатты 18 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.

Ал, баспаналы болған отбасылардың арасынан ақ жаулықты ардақты ана Ләйлә Сапарқызы және көпбалалы ана Күлзахира Әлімбаева баспананың құрылысын жүргізуге қолдау көрсеткен ел Үкіметіне және облыстың, ауданның басшылығына алғыс айтатындықтарын жеткізді.

Жуалы ауданы әкімі аппаратының жауапты мамандарының мәліметіне сүйенсек, биыл барлығы 276,826 миллион теңгеге Б.Момышұлы ауылындағы Сұлтан Бейбарыс 1Б мекенжайынан үш қабатты 18 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталып, биылғы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Одан бөлек, Б.Момышұлы ауылының бас жоспарына сәйкес, облыстық маңызы бар Б.Момышыұлы-Қошқарата бағытындағы жол бойында 5 қабатты 60 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Осыған байланысты республикалық бюджетке алғашқы 5 үйдің құрылысын жүргізу үшін 3,9 миллиард теңгеге бюджеттік өтінім берілген.

 

Мақпал СҮЙІНБАЙ.

Жуалы ауданы.

Ақ жол
06.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 110
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 146
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 49
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 144
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 110
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 255
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 258
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 469
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 430

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9130
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8527
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11754
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9523
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10735