Елбасы жұмысына бюджеттен қаражат қарастырылған

Елбасы жұмысына бюджеттен қаражат қарастырылған

 Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап берген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев: «ҚР-ның Тұңғыш Президенті-Елбасының жұмысын дұрыс қамтамасыз етуге бюджеттен тиісті қаражат қарастырылған. Бірақ, оның нақты сомасын қазір айта алмаймын. Кейін арнайы сауалға ақпарат бере аламыз»,— деді. Осы арада: «Қаралы қаңтар оқиғасы кезінде өзін: «Қазір мен зейнеткермін»,— деп атаған Н.Назарбаевқа бүгіндері саясаттың не қажеті бар? Басқа шетелдік мемлекеттерде презилауазымнан кеткеннен кейін қазіргі ел перезидентімен жағаласып саясатқа араласып жүрген тұлғалар кемде-кем. Зейнеткер екен, ендеше басқа меммлекеттердің экс-президенттері сияқты тып-тыныш зейнеткерлік демалысында отырмай ма? »,— дегің келеді екен. Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды. Заң жобасы Мемлекет басшысының биылғы жылдың басында берген тапсырмаларын және мемлекеттің басқа да шұғыл міндеттемелерін іске асыруға бағытталған. Аталған бағыттары бойынша бюджет шығыстары 2,7 трлн теңгеге артып отыр

Ермек Сахариев
20.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 359
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6465
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8173
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6544
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6680