Құттықтаймыз! Елдің анасы болып жүре беріңіз!..

Құттықтаймыз! Елдің анасы болып жүре беріңіз!..

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын және ковид кезеңіндегі ерен еңбегі үшін «Халық алғысы» медалін иеленген асыл аналардың бірі, бүгіндері ел алдында жүрген көптеген ұлтжанды азаматтарға білім нәрін сіңірген ұлағатты ұстаз, журналистикаға кеш келсе де қаламы қарымды, жазғаны на- нымды, елдің мұңы мен жырын ай- туда ақиқаттың ақ жолынан таймай жүрген Еланасы, «Qazaqstan dauiri» газеті мен «Мөлдір бұлақ» балалар журналы және «Елана» сайтының Бас директоры Сәуле Мешітбайқызы апайымыз «Құрмет» орденімен марапатталып жатыр. Бұл ұжым үшін үлкен қуаныш! Үлкен жетістік. Билік тарапынан Сәуле Мешітбай- қызының ерен еңбегіне берілген баға.

Республика күні қарсаңын- Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева марапат иелеріне «Құрмет» орденін арнайы табыстаған мерекелік шараға Сәу- ле Мешітбайқызы қатыса алмаған болатын. Сол күндері «Аманат» партиясы, Ауылшаруашылығы мен Оқу-ағарту министрлігі және Республикалық Ардагер- лер кеңесімен біріккен дәстүрлі «Ауыл аманаты – ел аманаты» экс- педициясы аясында шалғайдағы ауылдар мен аудандарды аралап, ха- лықпен жүздесіп, шаруалармен кез- десіп, бірқатар білім беру мекеме- лерінде ұстаздар қауымымен және студент жастармен жүздесіп, қауырт жұмыспен жүрген еді. Одан бері де министр тарапынан бірнеше шақы- ртуға да келе алмады. Себебі ел аманатын арқалап жүрген Ел анасында бос уақыт болушы ма еді? Іссапар аясында денсаулығы да сыр беріп ауруханаға түсіп, біраз күш-қайрат жинап, емделіп шыққанын да айта кеткеніміз дұрыс-ау...


«Сабақты ине сәтімен» демек- ші, «Құрмет» орденін алудың сәті енді түсіпті. «Қуаныштың ерте-кеші жоқ» дейді бабалар тәмсілі. Қа- зақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ви- це-министрі Қанат Жұмабайұлы Ысқақов пен Қазақстан Республи- касы Мәдениет және ақпарат ми- нистрлігінің Ақпарат комитетінің төрағасы Мейірлан Ақылбекұлы Раханов «Құрмет» орденін Сәуле Мешітбайқызының омырауына қа- дады. Салтанатты шара барысын- да барлық министрлік пен коми- тет қызметкерлері Сәуле апайдың қуанышына ортақтасып, жүздері бал-бұл жанып ерекше ілтипат көр- сетті. Бұл да болса ана сыйлаған халықтың ұрпағының тағылымды тәрбиесінің жемісі деп ұғындық. Сәуле апайымыз айтпақшы «Бұл ма- рапат менің ғана емес, ұжымымның, әріптестерімнің еңбегінің жемісі. Солардың жеңісі!». Кең пейілді, аб- зал жүректі, көпшіл көңілді Сәуле Мешітбайқызының осы сөзін аналық ақ батасы деп қабылдаймыз!

«Qazaqstan dauiri», «Мөлдір бұлақ» журналы және «Елана» сайты ұжымы, оқырмандарымыз Сәуле Мешітбайқызын ең биік марапат- тардың бірі – «Құрмет» орденін алуымен шын жүректен құттықтай- мыз. Алла Тағала отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, ісіңізге берекет бергей! Әрқашанда елдің анасы болып жүре беріңіз!

08.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

Таза Қазақстан республикалық акциясы
Тараз қаласының әкімдігі - 28.04.2024 15
ҚАБЫЛДАУ
Сарысу ауданы әкімдігі - 28.04.2024 17
Бірлік жарысы
Тараз қаласының әкімдігі - 28.04.2024 13
Тараз таза қала
Тараз қаласының әкімдігі - 28.04.2024 13

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1093
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7140
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10991
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7203
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7348