Елдің бүгіні мен ертеңіне деген сенімі – Таразда республикалық конференция өтті

Елдің бүгіні мен ертеңіне деген сенімі – Таразда республикалық конференция өтті

Тараз қаласындағы «Бақытты болашақ» оқушылар сарайында  «Елдің бүгіні мен ертеңіне деген сенімі» тақырыбында республикалық конференция өтті.

Шараға еліміздің Халық Қаһармандары Бақытжан Ертаев, Айдын Айымбетов, Азамат Жұмаділов,  Еңбек Ерлері Аягүл Миразова, Алина Соловьева, Алма Шукыжанова, Рышат Амренов, Құралай Байменов, Мұқаш Ескендіров, Тұрсынбек Макишев, Руслан Қуатов, Мұхтар Тулеутаев, Имамзада Шагиртаев, Мұрат Қайыргельдин және зиялы қауым өкілдері, әскери кафедра студенттері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының курсанттары, алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

Алғашқы сөзді алған облыс әкімі Ербол Қарашөкеев облысымызға арнайы келген құрметті қонақтарға деген ықыласын білдіріп, шараның маңыздылғына айрықша тоқталды.

- Қазақ жері кең-байтақ, ұлан-ғайыр болса, соның бір ғажайып мекені – Әулиеата өңірі. Бұл өлке ақындарымен де, батырларымен де, от ауызды, орақ тілді шешендерімен де, әлемді аузына қаратқан ғұлама ойшылдарымен де, еңбекқор жандарымен де мақтана алады.

Ұлы Отан соғысы жылдарында жамбылдықтар киелі топырақ, аталы жұртына лайық батыр мінез танытты. Әулиеата жерінен 100 мыңнан астам адам майданға аттанды. 48 жамбылдық жауынгер Кеңес Одағының Батыры мен «Даңқ» орденінің толық иегерлері атанды.

Олардың майдандағы ерлігін тылда еселі еңбекпен жалғастырған жамбылдықтар жеңіс күнін жақындатуға сүбелі үлес қосты. Соғыстан кейінгі жылдары облыстың даму қарқыны жедел өсті. Сол жылдары 267 адам экономика саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, 195 қарапайым еңбек адамы Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. Аға буын өкілдерінің сол ауыр жылдары қол жеткізген табыстары мен жетістіктері бүгінгі күннің еңбек озаттарына үлгі-өнеге болары сөзсіз.

Тәуелсіздік ұлағатымен бірге тыныстаған облыс халқы осы жылдары қажырлы еңбек үлгісін көрсетті. Бүгін ортамызда отырған аға-апаларымыздың да, әрқайсысының өнегелі өмірі мен еселі еңбек жолы өскелең жас ұрпаққа үлгі-өнеге, болашаққа жол сілтейтін бағдаршам болары ақиқат.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың отырысында жастар тәрбиесіне үлкен мән беріп, «Отаншылдық және мемлекетшілдік қасиет әр баланың бойынан табылуы қажет. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелейтін патриоттық ұйымдардың жұмысын жандандырған жөн» деп айтқан. Сондықтан да,  осы жастар өздеріңіз сияқты ардақты тұлғаларды үлгі етіп, болашақта үлкен азамат боларына  сенімдіміз,-деді Ербол Қарашөкеев.

Сондай-ақ, Халық қаһарманы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстандық әскери қолбасшы, генерал-лейтенант, Ауған соғысының ардагері Бақытжан Ертаев жастардың бойындағы Отанға, ел мен жерге деген махаббаттың, патриоттық сезімнің берік болуы, сол бағытта еңбек ету – мемлекет болшағының негізі екендігі баса айтты.

Ал, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, «ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері» Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының академигі Аягүл Миразова еліміздің ертеңгі тұтқасы – білімді, тәрбиелі жастардың қолында болатынын атап өтіп, оларды білім мен ғылымды игеруде талмай ізденуге шақырды.

«Жас сарбаз» әскери-патриоттық жұмысы орталығының  курсанты Нұрғиса Шарапов Халық Қаһармандары мен Еңбек Ерлерінің жетістіктерін үлгі-өнеге деп біліп, өз қатарластарының атынан артылған мерейлі міндет пен сенімді ақтауға аянбай күш салатындарына сендірді.

Жиында өзге де қатысушылар жастар тәрбиесіндегі мұндай ауқымды шараның мән-маңызы жоғары екендігін айтып, орамды ойларын ортаға салды.

Конференцияның «Атамекен» әнімен түйінделгені жиналғандарға ерекше әсер сыйлады.

Айта кетейік, облысымызға арнайы келген Халық Қаһармандары мен Еңбек Ерлерінің сапары екі күнге жоспарланған. Олардың қатысуымен бірқатар аудандарда да түрлі шаралар ұйымдастырылады.

Жамбыл облысы әкімдігі
19.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 30
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 63
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 22
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 26
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 32
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 28
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 59
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 63
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 262
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 258
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 880

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8956
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8350
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11576
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9334
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10560