ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев министрліктің алқа отырысында: «Ғалымдар болжамына сенсек, 2030 жылға қарай су тапшылығы 23,2 текше шақырымды құрауы мүмкін екен. Үкіметтің кеңейтілген отырысында су саласы мәселесіне Мемлекет басшысы тағы да назар аударды. Министрлікке жаңа Су кодексінің жобасын осы жылдың қыркүйек айында Президент Әкімшілігіне енгізу тапсырылды. Бізде уақыт өте тығыз, бар жоғы жарты жыл қалды. Су саласы мамандарын тарта отырып, жаңа Су кодексін толық және сапалы әзірлеуді қамтамасыз етуді тапсырамын. Оңтүстік өңірлерде, сондай-ақ Атырау мен Ақтөбе облыстарында судың аз болу қаупі жоғары», – деді.