Электронды жүйе шығынды азайтты

Электронды жүйе шығынды азайтты

Уақыт ағымымен жаңарған технологиялар бүгінде бірқатар жұмыстарды жеңілдетіп келеді. Қазіргі уақытта көптеген істер цифрландырылып, ол халықтың уақытын тиімді пайдаланып, бірқатар материалдық шығындарды да азайтуға жол ашты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік басқару жүйесінде цифрлық технологияны қолдану – бүкіл бағдарламаның табысты болуының басты кілті. Бұл істе түбегейлі өзгерістер қажет. Барлық құжат айналымын толықтай электронды форматқа көшіру керек. Қазіргі кезде талап ететіндей, құжаттарды қағаз жүзінде де, электронды түрде де дайындап, тапсыру дұрыс емес. Құжаттардың қағаз нұсқаларына біртіндеп тыйым салынуы керек» деген еді.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен қазір көптеген мемлекеттік қызметтер электронды түрде жүргізіліп, үйден шықпай-ақ қажетті анықтамаларды алып, кезекке жазылып, керек ісімізге тегін кеңес алып, тіпті өтінішті де электронды түрде беріп жүрміз. Бұл уақытымызды үнемдеумен қатар, ары-бері жүргенде жолақысына кететін ақшалай шығынды да азайтқаны рас. Сонымен қатар, қағазбастылықтан да құтқарды. Қағазға кететін шығындарды есептесек, экономикаға да үлкен үлес қосып жатқанын байқауға болады. Облысымыздағы бірқатар ауылдарда цифрландырылған ақпараттық орталықтар кітапханаларда орналасып, халыққа цифрлық қызмет елді мекендердің өзінде де көрсетілуде. Мәселен, Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 1 аудандық, 1 ауылдық балалар кітапханасы, 23 ауылдық кітапхана бар. Солардың 21-інде цифрландырылған ақпараттық орталық тұрғындарға қызмет көрсетуде.

– Цифрландырылған ақпараттық орталықтар, атап айтқанда, аудандық орталық кітапханада және Ақтөбе, Бақалы, Бәйтерек, Жаңаталап, Нұрлыкент, Қосбөлтек, Талапты, Сұрым, Көлбастау, Қарасаз, Кәріқорған, Коңыртөбе, Ертай, Көлтоған, Рысбек батыр, Қошқарата, Тәттібай Дүйсебай, Көктөбе, Қарабастау, Күреңбел ауылдық кітапханаларында ауыл тұрғындарына е.gov kz порталы арқылы қызметтің 20 түрінен анықтама беріп отырады. Қазіргі таңда аудан бойынша е.gov kz қызметі арқылы жалпы 27731 анықтама берілді. Биылғы 9 айда 8916 анықтама берілген. Coworking орталықтарының жұмысы әлеуметтік желілерге тұрақты түрде жарияланады және мәліметтер енгізіліп отырады. Тек қыркүйек айының өзінде 1244 анықтама берілді. Тұрғындар да өзіне қажетті мемлекеттік қызметтерді электронды үкімет арқылы алуда өзіне өзі қызмет көрсетуді орталықтан үйреніп кетіп жатыр. Цифрландыру ісі елдің уақытын үнемдеумен қатар, сұранысына жылдам жауап алуына да үлкен көмегін тигізіп жатыр, – дейді аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы Қайсар Əсілбек.

Қазіргі таңда цифрлық технологиялар жаһандық экономикалық дамудың негізгі факторларының біріне айналғанына күнделікті тіршілікте куә болып келеміз. Цифрландыру мемлекеттің экономикасын, әлеуетін біршама өзгертіп, еңбек өнімділігінің өрлеуі мен өмір сапасының жақсаруына өз әсерін тигізіп, жаңаша бетбұрыс жасауда. Цифрландыру тек мемлекеттік қызмет алу мен өтініш беруде ғана емес, алыс аймақтардан жылдам хабар алып, жақын байланыс орнатуға да көп көмегін тигізіп отыр. Жаңа заманның тың технологиясы өркениетке жеткізері анық.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА Жуалы ауданы
13.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 71
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 108
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 109
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 71
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 217
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 222
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 436
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 399

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9093
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8491
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11719
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9485
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10700