1986 жылы желтоқсан айының 17 күнінде Брежнев алаңына сол кездегі Қазақстанның бірінші басшысы Д.А.Қонаевты орнынан алып, ұлты басқа Колбинді елімізге бірінші басшы етіп тағайындаған Мәскеудің шешіміне қарсы болып, көптеген жоғарғы және арнайы орта оқу орындарының студенттері мен құрылыс, тоқыма мекемелерінің жұмысшы жастары шыққан еді.
Бұл бейбіт шеруге Республикалық медициналық училищесінде оқитын, 17 жастан асқан студент қыз – Мұратова Тулебике Нурмукановна өзімен бірге оқитын қурстастары – Дюсова Айгул, Дюсова Бибінұр, Қуанышева Жанар және де баска да жастармен бірге шыққан болатын. Алаңға келген бетте митингке шыққан жігіттер мен қыздарды солдаттар қоршап алып, қолдарындағы резинка дубинкаларымен аяусыз ұрып-соғып, тепкінің астына алды. Олар ешкімге де аяушылық көрсетпестен, бас-көзге қарамастан, алаңдағы бейбіт жандарды және әлсіз кыз балаларды аяусыз ұрып-соға бастады. Мұздай қаруланған Кеңес Одағының «шаш ал десе, бас алатын» солдаттарына қасқайып қарсы тұрды.
Алаңның барлық жақтары қоршауға алынып, кері қашқан жастарды ұрып-соққанда, олар бірінің үстіне бірі құлап жатты. Қатты соққы алған Т.Мұратова да жерге құлаған кезде, оны қасындағы курстас қыздары жанұшыра орнынан тез тұрғызып алды. Төмен қарай қашып, өздері тұрған пәтерге әрең жеткен. Т.Мұратова алған соққы салдарынан, денесінің сол жақ жамбасы көгеріп ісіп, жарақат алып орнынан тұра алмай екі күндей жатып қалған. Бұл қорлыққа шыдаған. «Біліп қойса «милиция тергеуге шақыра ма?» деген қорқынышта болған. Ол бұл естен кетпейтін тән жарасы мен жан жарасын осы кезге дейін ешкімге айтқан емес.
Сондықтан 1986 жылдан бері 35 жылдан астам уақыт өтсе де, қазақ жастарының Тәуелсіздік пен еркіндік үшін өз наразылығын білдіріп, бейбіт шеруге шығып, кейбіреулері ерлікпен қаза тауып, кейбіреулері әртүрлі жарақаттар алып және түрлі жазықсыз қуғынға ұшыраған қазақ жастарынының жасаған батылдығы ешқашан да тарихта ұмтылмайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президентінің 12.12.1991 жылғы №540 санды жарлығымен «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» заңы шыққан. Ел Президенті Қасым-Жомартұлы Тоқаев 21.12.2021 жылғы Парламент кеңесінде: «бұдан 35 жыл бұрын қазақ халқының еркіндік пен тәуелсіздік алуы жолында, жастардың бұрынғы Орталық Комитеттің езгісіне төзгісі келмей наразылық білдіріп, алаңға демонстрациямен қарсы шыққанын, олардың бұл әрекеттерін нағыз ерлік екендігін, сол себептен мемлекетіміздің тәуелсіздік алғандығы мәңгі ұмтылмайтын тарих болып қалады. Желтоқсан қатысушыларына мемлекет тұрғыдан заң тәртібімен олардың құқықтары мен міндеттері сақтала отырып, тиісті жеңілдіктер берілуі керек» деп ерекше атап көрсетті.
Тулебике Мұратова Желтоқсан көтерілісіне қатысып, қуғын-сүргінге ұшыраған азаматша ретінде ол да жәбірленуші және саяси қуғын-сүргіннен зардап шегуші» деуге және заң тәртібімен ақталуы керек деп айтуға толықтай негіз бар.