Елеусінов 18 желтоқсанда жұдырықтасады

Елеусінов  18 желтоқсанда  жұдырықтасады

 Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады. Бұл туралы мәлімдеген спортшының менеджері Зия Әлиев: «18 желтоқсанда өтетін бокс кеші Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады. Нұр-Сұлтандағы «Jekpe-Jek» сарайында өтетін бокс кешінде IBO-ның негізгі чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.  Бұл  барша азаматтарға арналған тамаша сыйлық. Ол күні әлемдік деңгейдегі бокс кеші болады. Себебі рингке Қазақстан мен әлемнің ең мықты боксшылары шығады. Басты жекпе-жекте Данияр барын салып, чемпиондық атағымен өз жанкүйерлерін қуантуға тырысады. Қазақстандық боксшы осы жекпе-жекті ұзақ күтіп, біраз тер төкті. Спортшының командасы да көп жұмыс істеді. IBO да жекпе-жекті ресми түрде растап отыр. Жақын арада қарсыластың аты-жөні белгілі болады», – дейді. Данияр Елеусінов – кәсіпқой боксшы, жартылай орта салмақтағы IBF Inter-Continental белдеуінің иегері. 18-і желтоқсанда өтетін жекпе-жекте жеңіске жетсе, Қазақстаннан шыққан IBO-ның бесінші чемпионы атанады. Оған дейін осы белбеуді төрт жерлесіміз ұтқан. Олар – Василий Жиров, Геннадий Головкин (IBF мен IBO-ның қазіргі чемпионы), Бейбіт Шүменов және Жанат Жақиянов.

 

Ермек Сахариев
04.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 353
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 201
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 498
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 342

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18257
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18115
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33305
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31857
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35578