Елімізде ат спортының жаңа түрі пайда болды

Елімізде ат спортының жаңа түрі пайда болды

— Қазақстанда әлемде теңдесі жоқ ұзақ қашықтықтарға арналған ат спортының мүлдем жаңа түрі — Жорық пайда болды. Бұл — алғаш рет 2022 жылы өткен «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің нәтижесі, деп хабарлайды Arainfo.kz сайтының тілшісі Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда тай-бәйге, құнан-бәйге, аламан бәйге, жорға бәйге секілді ат жарысының бірнеше түрі белгілі. Алайда, олардың біреуі де Жорық сияқты ұзақ қашықтыққа созылмайды.

2022 жылы «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің алғаш маусымы өтті. Бұл оқиға ат спорты әлеміндегі нағыз жаңалық болды. Бірінші марафонның қашықтығы — 1 200 шақырым. Оның қашықтығы мен қиындығына қарамастан, 95 тұлпардың 26-сы ойдағыдай мәреге жетті. Бұл жетістік Жорықтың өміршеңдігін дәлелдеп, әлемдік ат спортына өзіндік жаңашылдық енгізіп отыр.

Моңғолияда осындай ат марафоны өткізілетіні белгілі. Алайда, онда қашықтық — 1 000 шақырым. Бұл ретте әр 40 шақырым сайын жылқы ауыстырылып отыратынын ескерген жөн. Ал біздің жағдайда марафон қашықтығының жартысы — 650 шақырымнан кейін бір рет қана ат ауыстырыу рұқсат етіледі. Бұл тағы бір мәрте қазақ жылқыларының ерекше төзімділігін растайды.

Қазақстанда Жорық биыл ерекше назар аударуға лайық. Себебі, бұл маусымда қашықтық 1 300 шақырым болады. Шабандоздар Астанадан Түркістанға дейінгі бағытты 14 күн ішінде өтуі тиіс. Бұл міндетті аз уақыт ішінде орындап шығатын команда «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің абсолютті жеңімпазы атанады.

«Ұлы дала жорығы-2023» марафон-бәйгесінің маусымы 3 күннен кейін — 6 қыркүйекте сағат 14:00-де Қаражар (Ильинка) ауылында басталады. Бұл тек ат спорты жанкүйерлерінің ғана емес, сондай-ақ жаңа сын-тегеуріндер мен эмоцияларға құштар қазақстандықтардың да назарын өзіне аударатын тың оқиға болмақ.

Арай газеті
03.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 134
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 171
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 52
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 167
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 134
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 279
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 281
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 496
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 454

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9152
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8551
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11778
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9546
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10758