Елордадағы «жайлы мектеп» жобасы

Елордадағы «жайлы мектеп» жобасы

Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында мектеп салынатын 100-ден астам орын белгіленгенін жазды. «Мектеп салу – өзекті мәселе. Елорда тұрғындарының жыл сайын артып келе жатқаны ескеріліп, оқу орындары орналасатын жер учаскелерінің де санын көбейттік. Қазіргі уақытта мектеп салынатын 102 жер учаскесін белгіледік. Жер учаскелері әлеуметтік нысандардың қажеттіліктеріне орай қаланың барлық ауданында орналасқан. Мәселен, елорда тұрғындары көбірек шоғырланған және қарқынды дамып келе жатқан Есіл ауданында мектеп салынатын 49 учаске, Алматы ауданында 29 учаске және т.б. Мектеп пен өзге де маңызды әлеуметтік нысандар салу үшін жер учаскелерінің саны жыл сайын артатын болады. Әр ауданда (шағын аудандарда) оқу орындары болуы үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына (ЕТЖ) арнайы бағыт бекітілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 23 аса ірі мектептің жобасын жүргізіп жатырмыз. Бұл 23 мектеп 2 ауысымда 84 мыңнан астам оқушыны қамтуға мүмкіндік береді. «Жайлы мектеп» жобасы аясында білім ошақтарының құрылысын келесі жылы бастаймыз. Осылайша, біз ауқымды мектептер салуды жалғастырамыз. Осыған дейін Астанада 6 ірі мектеп аштық, олардың әрқайсысы 4 мың оқушы орнына (6 мектептегі оқушы орындарының жалпы саны – 2 ауысымда 24 мың) есептелген. Қаланы аралау барысында бірқатар мектептің құрылыс барысымен таныстым. Мысалға бұл мектептер Ұлы Дала даңғылында, Ұлы Дала мен Сауран даңғылының қиылысында, 187-көшеде және Қарасай батыр көшесінде орналасқан. Аталған мектептерді биылғы оқу жылында ашуды жоспарлап отырмыз.

Елордада 2019 жылдан бастап 93 мың оқушыға арналған 2 ауысымды 45 мектеп салынды. Оның 9-ын биылғы оқу жылында ашамыз», – деп жазды елорда әкімі.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
10.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 97
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 617
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 735
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 647
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 656

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8791
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8192
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11419
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9173
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10404