Елордалық ауруханадағы ерекше жаңалық

Елордалық  ауруханадағы ерекше жаңалық

«Денсаулық сақтау саласын цифрландыру – Басқарманың алдына қойған жоғары мақсаттарының бірі. Астана қаласындағы №2 көпбейінді қалалық ауруханада жаңа госпитальдық фармация бөлімшесі өз жұмысын бастады», – деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл – Астанада алғаш рет жүзеге асырылған жоба.

«Мұндағы басты мақсат – препараттарды пациенттерге жеткізуді орталықтандырып, жүйені цифрландыру. Науқасқа берілетін дәрі-дәрмек мөлшері де автоматты түрде қадағаланып отырады. Бөлімнің бірегей тұсы да осы – дәрі-дәрмекті ысырап қылмай, артық шығынның алдын алу. Сондай-ақ қате дәрі-дәрмек тағайындау қаупі әжептәуір азаяды. Алдын ала есептеулер бойынша жоба жылына 400 млн теңгеге дейін бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді», – дейді елордалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.

Госпитальдық фармация бөлімшесінің жобасы әлемдік тәжірибеде кең қолданыста әрі халықаралық талаптардың бірі болып саналады. Қазір қала бойынша 9 аурухана болса, алдағы уақытта көпбейінді ауруханалардың барлығында аталмыш жүйені енгізу жоспарда тұр.

«Жобаның негізгі міндеті – дәрігерлердің тағайындауы бойынша медициналық препараттарды уақытылы және сапалы дайындау, оларды медициналық ұйымның клиникалық және пара-клиникалық бөлімшелеріне жеткізу. Дәрілік препараттар клиникалық фармакологпен әр науқасқа оның жасы, салмағы, қарсы көрсеткіштері, тәуліктік дозасы және өзге де өлшемдер бойынша тағайындалады. Бұл жобаны іске асыру кезінде біздің клиникада бұған дейін жүзеге асырылған Акгюн ақпараттық жүйесінің дайындығы маңызды рөл атқарды», – деп атап өтті №2 КҚА бас дәрігері Нұрбол Тұрсынбаев.

Аурухана басшысы мекеменің екі бірдей ғимаратын біріктіріп, оған қоса қабылдау бөлімшесінің хабына айналатын жаңа жобаны таныстырды. Дәл осы тұста балаларға арналған жаңа травматологиялық пункт ашу жоспарға енгізілген.

Сондай-ақ пациенттерге бір қадам жақындық – оларды қолдау қызметі, электрондық кезекті енгізу, пациенттерді жоспарлы госпитализациялау алгоритмі бойынша жұмыс істейтін фронт-офис ашылды. Жақын арада барлық ниет білдірушілерге  онлайн  режимде  бос  төсек-орын санын көре алатын мүмкіндік туады, бұл қызмет аурухана сайтында да қолжетімді болмақ.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
29.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 131
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 15
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 63
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 59
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 44
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 464
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 432
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 455
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 447
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 445
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 462
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 451
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9688
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9066
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12301
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10071
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11280