ЕҢ БЕЛСЕНДІ ВОЛОНТЕР

ЕҢ БЕЛСЕНДІ ВОЛОНТЕР

ЕҢ БЕЛСЕНДІ ВОЛОНТЕР

Жуалыда  бүгін 100-ге жуық ерікті «Жасыл ел» жасақтары және еріктілер тазалық жұмыстарына атсалысты. Аталмыш жоба Жуалы ауданы әкімінің аппараты мен «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің бастасымен қолға алынды.

Шара Б.Момышұлы аулында  орналасқан «Мәңгілік Ел» саябағы  мен «Жастар» аллеясы  аумағында өткізілді. Жастар саябақтар аумағына санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізіп, күл-қоқыстан тазартты. Басты мақсат – жастардың экологиялық білімін арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу.

Жеңісбек Сейтбеков, Жастар ресурстық орталығының директоры; «Біз барынша еріктілермен тазалық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бірақ біздің тұрғындарымыз да бұған атсалысуы керек. Тек қана әкімшілік азаматтары мен волонтерларға міндеті, солар тазалау керек десек, көп қателесеміз. Көріп жатқан жастарымыз да соған үйренеді. Біз барынша өзіміздің ауламызды өзіміз тазалайтын болсақ, отырған жерімізді өзіміз ретке келтірсек, ол үлкен дүние».

Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай сенбілік күнделікті  өткізіліп тұрады. Көптеген ерікті аталмыш шараға  «Таза Қазақстан» акциясы бастау алғаннан бері атсалысуда. Олар ауданды тазартуға үлес қосып қана қоймай, өздеріне жаңа дос тауып жатқанын айтады.

Махамбетжан Рүстем ерікті: «Біз осы аудан ішінде қоқыстарды жинаумен айналысып жатырмыз. Ол өзіміздің денсаулығымызға да пайдалы.  Өзіме осы жерден жақсы достар таптым. Барлығымыз атсалысып, жинап жатырмыз».

Президентіміздің бастамасымен бастау алған «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған шара барысында аудандағы ең белсенді волонтер анықталды.

10.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

Инженер, құрылысшы, қоғам қайраткері марапатталды
Әсем ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 15.05.2026 47
Субұрқақтар және әсем де жайлы тұрғын үйлер
М. ТАБЫН, Ақтөбе қаласы - 15.05.2026 45
Жаңа ережелер   енгізілуде
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 50
Арнайы мамандар тәжірибе алмасты
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 46

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25127
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24647
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42072
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37934
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42404