Еңбектің тайқазанын қайнатқан жамбылдықтар көпке үлгі

Еңбектің тайқазанын қайнатқан  жамбылдықтар көпке үлгі

«Ауыл аманаты – ел аманаты» атты «АMANAT» партиясы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, 

«Ардагерлер кеңесі» РҚБ, «ЕлАна» қоғамдық, әлеуметтік-танымдық сайты, «Qazaqstan dauiri» газеті, «Мөлдір бұлақ» журналының бірлескен экспедициясы Жамбыл облысында

 

Мойынқұм ауданы

 

Жаз-ата ауылында

 

Жамбыл облысының картасында жалпағынан жатқан Мойынқұм ауданы қай кезде де өндірісімен танылған өлке. Ұшқан құстың қанаты, шапқан тұлпардың тұяғы талатын ең даланың беті де, асты да құнды жәдігерге бай. Экспедиция тобы келесі кезекте Жаз-ата ауылы –  қасиетті Мойынқұм ауылына ат тұяғын тіреді.  

Мойынқұм ауданы негізінен мал шаруашылығымен айналысып, алғашқы бес жылда-ақ мал басын өзі төлі есебінен көбейткен. 

Малға қажетті жем-шөп қоры осы өңірден дайындалып, жүгері, арпа, бидайдан да мол табысқа қол жетті.

Ауданда екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, даңқты шопан, малшылардың маршалы атанған Жазылбек Қуанышбаев бастаған 10 Социалистік Еңбек Ерлеріне арнайы аллея ашылып, бюстері қойылған. Ал, оның басында Жаз-атамыздың еңселі ескерткіші тұр. Осы аллеядан аудан алғаш ашылғаннан бастап оны 20 жыл бойы (1965-1985) үздіксіз басқарған Айтбай Назарбековтің де ескерткіші орын алды.

Жамбыл облыстық әкімшілігі басшысының 1993 жылғы шешімімен Фурмановка селосының аты Мойынқұм ауылы болып өзгертілді.

Міне, осындай тарихы терең Мойынқұмда туылғанын әркез мақтаныш етіп, айта жүретін Сәуле Мешітбайқызы аудандық әкімдіктің  мәжіліс залында көпшілікпен жүздесті. Аудандық әкімдікте аудан басшысы Карентаев Ермек Амангелдіұлы қадірменді қонаққа туған жеріне ат басын бұрғанына алғыс айтып, алғы сөз сөйледі. Жиында ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қуандық Төлеубеков өңірдегі мал шаруашылығы, егін шаруашылығы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, мемлекеттік бағдарламалар бойынша шаруа қожалықтарына және кооперативтерге қандай көмек көрсетіліп жатқаны туралы мәлімдеді. 

Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу,  ауылшаруашылығы кооперативтерін және аумақтарды дамыту, микроқаржыландыру бөлімінің басшысы  Бақыт Сейтімбетова мойынқұмдықтар алдында «Ауыл аманаты» жобасы аясында атқарылған және алдағы атқарылатын жұмыстарға кең көлемде тоқталды. Мысал ретінде облыста ауылшаруашылық қызметінің әртүрлі түрлерімен айналысатын 363 кооператив жұмыс істейді, оның ішінде 32-і көпжылдық шөптер мен дақылдарды өсірумен, 97-і мал шаруашылығы, 234-і егін және мал шаруашылығы. Олардың ішінде 577 жеке кәсіпкер және шаруа қожалықтары барын айтты. 

Өз кезегінде Сәуле Мешітбайқызы елімізде 7 мыңға жуық ауыл барын айтып, солардың даму жолында  ауылшаруашылығы саласы айтарлықтай үлес қосатыны, балалар тәрбиесі, үлкенге ізеттілік жайында сөз қозғады.  Қазіргі таңда бала тәрбиесінде өкінішті жайттардың орын алып жатқанын да жасырмады. Атап айтатын болсақ, қазақи тәрбиедегі әке рөлінің төмендеп кеткені екенін баса айтты. Осыдан сәл ертеректе «әкең келе жатыр», «әкеңе айтам», «әкең біліп қоймасын» деген сөздердің қадірі жоғалғанын, оған себеп – зорлық-зомбылыққа қатысты заңның күшіне енуі болуы ықтималдығын да атап өтті. 

Ата-бабадан келе жатқан ұлттық тәрбие қазақ халқының негізгі тәрбие беру формуласы болса ғана келешек ұрпақтың тәрбиесі оңды болатыны, тәрбие беру ісінде сырт елдерден алған үлгілер халқымыздың менталитетімен үйлесім таба бермейді деген ойын ашық білдірді.

«Бұл сапарымда негізінен ауылдық жерлерде «Ауыл аманаты» аясында атқарылып жатқан істермен танысу үшін келдім. «Ауыл аманатының» аясына не кіреді? Ол тек кәсіп ашып, мал өсіру ғана емес. Ауыл аманаты дегеніміз – ел аманаты, ұрпақ аманаты. Мен бармаған ауыл, мен бармаған елді мекен жоқ. Ауыл – ел болашағы. Болашағы жоқ ауыл деген сөзді естігенде жүрегім ауырады. Алғаш бастағанда 7,5 мың ауыл бар еді, қазір 6780 ауыл қалды. Ауыл жойылып бара жатыр. Ауыл жойылды деген сөз – қазақ жойылды деген сөз. Себебі біздің түп тамырымыз, қазынамыз берекеміз – ауылда. Президентіміз өзінің бірінші сайлауалды бағдарламасында ауыл туралы айтып, ұлықтау рәсімінен кейін ауылды дамыту мәселесі туралы Жарлыққа қол қойғаны, осы құжат арқылы Үкіметке ауылды дамытудың 5 жылға арналған нақты жоспарын әзірлеуді тапсырғаны белгілі. Бүгінде Үкімет «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асырып жатыр. Жақында газетімізде Премьер-министрдің кеңесшісі, қоғам қайраткері, мемлекетшіл тұлға Ералы Тоғжановпен «Ауыл мәселесін сөзбен емес, іспен шешетін кез келді» тақырыбындағы сұхбаты жарияланды. Шынында, ауыл мәселесін сөзбен емес, іспен шешетін уақыт келді», – деді Сәуле Мешітбайқызы. 

Мойынқұм ауылының ақсақалдар алқасының төрағасы Мұқан Сабыров атамыз жерлесіміз Сәуле апайға алғыс білдіріп, қоғамда смартфонның әсері жайлы айтып, әке мен бала, ана мен қыз ортасында жалпы отбасыдағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында жасалу керек дүниелер жайлы ұсыныстарын айтты. 

Аудандық білім бөлімінің басшысы Жайдар Жазықбаев білім беру саласы, бала тәрбиесі жөнінде сөз қозғап, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ауданның бас ұстазы қазіргі қоғамдағы ата-аналардың немесе үшінші жақтан айтылатын сындарды білім саласына қатысы жоқ азаматтардан айтылып жатқанын және ол сындардың кейбірі жұмыс жүргізу кезінде қолбайлау болып жататынын айтып өтті.

Жиын соңында естелік суреттерге түсіп, экспедициялық топ Бірлік және Айдарлы ауылдарына ат басын бұрды. 

 

 

 

Көкжиегі кеңейген кооператив 

 

Сәуле Мешітбаева бастаған топ Бірлік ауылында аудандағы 8 кооперативтің бірі «Байбарақ Агро»  ауылшаруашылық өндірістік кооперативіне барып, ондағы жұмысты өз көздерімен көрді. Кейін тағы мал бордақылау ісін дөңгелетіп отырған шаруа қожалық иелері өз өнімдерін көрсетті. Мойынқұм ауданындағы экспедиция Бірлік ауылдық клубындағы тұрғындармен кездесу жиынына жалғасты. Кездесуде Мұратхан Иманалиев, Дәндібай Молдабаев, Жанаткүл Байқоңырова, Лида Бірімқұлова сынды бірліктіктерден ауылдағы Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебінің жөндеу жұмысының сапасы, ондағы спорт залындағы еден төсенішінің дұрыс еместігі, ауызсу мен егін суының тапшылығы, «Қазпошта» қызметінің нашарлығы қазақ баспасөзінің ең басты артқатартары болып тұрғаны туралы айтып, Сәуле анамыздың туған жерге келіп, өзекті мәселелерді қозғап жатқанына алғыстарын білдірсе, аудан әкімінің орынбасары  Ержан Әмірханов мектеп балаларын еңбекке араластыруды, оның ішінде көктемгі күзгі дала жұмыстарынан тәжірибеден өткізуді мектеп бағдарламасына қосса деген ұсынысын білдірді. 

Келесі аялдама Кеңес ауылдық округінің аймағында орналасқан Ерік Білдебаевтың «Ақ отау»  шаруақожалығы болды. Ел анасы қожалық иесімен тілдесіп, шаруашылық тыныс-тіршілігінің жағдайын білді. 

Шаруаның айтуынша, сол кезде пилоттық жоба ретінде басталған «Ауыл аманаты» жобасының шаруашылықтың дамуына шарапаты тиіпті. Жоба бойынша 3 ағайынды жігіттің алған 10,5 миллион теңгесі қазіргі таңда 2 үйір жылқы, 15-тен аса мүйізді ірі қара малы болып көбейген екен. Алдағы жылдың қаңтарында соңғы төлем төленген соң, «Ауыл аманаты» бағдарламасы Айдарлы қайта жүргізілсе деген тілегін білдірді. 

Өз кезегінде ел анасы Сәуле ана еңбекқор азаматтардың жұмыстарына сәттілік тілеп, ақ батасын берді. 

Жалпы Мойынқұм ауданы десе, Жаз-атадан бөлек, Тәуелсіздік Туын желбіреткен Қайрат Рысқұлбековтей қаһарман ұлдар еске оралады. Егемендік жолында жалаң төсін оққа тосқан ел үшін туған ердің ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес. 

Бұдан бөлек Мойынқұм ауданы Ақбақай, Мыңарал, Хантау сынды кен орындарымен де талайға танымал. Міне, осындай құт қонған мекен елана Сәуле Мешітбайқызын жылы құшақпен қарсы алып, сағыныш топырағына бір аунатып алды. 

 

P.S. Сәуле Мешітбайқызы Жамбыл облысына жасаған эспедиция барысында Т.Рысқұлов пен Жуалы аудандарында да болды. Еланасын мұнда да аудан әкімдері Ернар Есіркепов пен Жалғас Мұртаза күтіп алып, құрмет көрсетті.   

Тараптар халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жобалар, баянды бастамалар, ауылшаруашылығы, білім мен мәдениет, мерзімді баспа саласындағы мәселелер төңірегінде әңгіме өрбітіп, өзара әріптестік байланыс төңірегіндегі жұмыр жоспарларын ортаға салды. Ол жайында газетіміздің келесі санында кеңінен жазатын боламыз. 

Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, Жамбыл облысы
14.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

Байзақтағы табыстар  мен игі істер  – ел мерейі
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы - 14.12.2024 422
Еңбектің тайқазанын қайнатқан  жамбылдықтар көпке үлгі
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, Жамбыл облысы - 14.12.2024 487
Қордайдағы игі істер мен табыстар – ел мерейі
Жандос ОМАРОВ, Жамбыл облысы Қордай ауданы - 14.12.2024 441
Еңбектің тайқазанын қайнатқан  жамбылдықтар көпке үлгі
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, Жамбыл облысы - 14.12.2024 472
ӘУЛИЕАТАЛЫҚТАРДЫҢ  ТОЙ МӘДЕНИЕТІ ТУРАЛЫ  ҮНДЕУІ ҚОЛДАУҒА ЛАЙЫҚ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 12.12.2024 663

Топ жаңалықтар

1
Хоккейдегі миллиондар кімдерге кетіп жатыр?
Show more
Айым Кенес - 2024-12-05 1159
2
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11143
3
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10085
4
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13330
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12288