ЕО мен НАТО Ресейдің шешімін қатаң сынға алды

ЕО мен НАТО   Ресейдің шешімін қатаң сынға алды

ЕО пен НАТО бірауыздан Ресейдің Донецк Халық Республикасы мен Луганск Халық Республикасының егемендігін мойындау туралы шешімін қолдамайтынын жариялады. Солтүстік Атлантика өңірінің басшылары мен Еуроодақ Мәскеудің бұл әрекетін қатаң сынға алып, Ресейге қарсы бірқатар санкциялар жарияланатынын хабарлады. Мәлімдемеде Еуропалық дипломатияның басшысы Жозеп Боррель Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен мен Еуропа кеңесінің басшысы Шарль Мишель Ресейдің шешімін заңсыз деп бағалаған. Сонымен қатар Мәскеу халықаралық құқық пен Минск келісімін бұзды делінген. Жозеп Боррель Ресейге қолдау көрсеткендердің барлығына санкция жарияланатынын және Беларусь билігін де Украина аумағына әскерін кіргізетін болса Еуропа тарапынан шектеулерге ілінетінін ескертті.

Жозеп Боррель, ЕО сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі:

«Егер Ресей Беларусь аумағы арқылы Украинаға шабуыл жасаса, онда Беларуське қарсы санкциялар қабылданады. Бұл санкциялар Ресейге қарсы қабылданғандай қатаң болады», – деді.   Брюссель Ресейге төтеп беру шараларын талқылау үшін Еуропалық Одақтың шұғыл саммитін өткізбек ниетте. Сарапшылардың пайымдауынша, «Солтүстік Ағын-2» жобасына  шектеулер қабылданып, секторлы санкциялар жариялануы бек мүмкін. 

Ермек САХАРИЕВ
24.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 25
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 17
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 53
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 155
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 159
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 366
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 343
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 959

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9036
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8433
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11660
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9415
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10641