7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік концерт өтті.
Әрбір Тәуелсіз мемлекеттің ең басты мақсаты – ел тыныштығын қорғау, мемлекет тұтастығын сақтау болып табылады. Биыл еліміздің айбыны, мақтанышы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына биыл – 30 жыл толып отыр. Осы отыз жылдың ішінде еліміздің қарулы күштері барлық жағынан күшейіп, біліктілігі нығайып, алынбас қамалға айналып үлгерді.
Мемлекетіміздің айбынды мерекесі Қазақстан Қарулы күштерінің құрылуына 30 жыл толуына орай ауданында мерекелік шара ұйымдастырылды.
Салтанатты шарада аудан әкімі Олжас Қаржауов мерекемен құттықтап, жылы лебізін арнады.
Сонымен қатар, қызметте алдыңғы қатардан көрінген сала қызметкерлеріне аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен аудандық мәслихаттың және «Amanat» партияларының алғыс хаттары табыс етілді.
Шара аудан өнерпаздардың мерекелік ән-билерімен жалғасты.