Ер есімі – ел есінде!

Ер есімі – ел есінде!

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Биназар ауылы бұрынғы  (Коминтерн ауылында) Көркей көшесінде Рысманап Шаңлақбаев 1937 жылы 27 қыркүйекте дүниеге келген. Бірлік ауылында Киров атындағы (қазіргі Қ.Рысқұлбеков) атындағы орта мектепті бітірген. Жас кезінен табиғат берген күш-қуаты күреспен шұғылдануға алып келді. Ол кезде ауылда жиын тойлар жиі өтіп тұратын. Осындай  жиындарда күресіп тәжірибе жинақтаған бозбала 1956 жылы Жамбыл қаласында қазақ күресінен өткен облыстық жарыста чемпион атанған. Яғни бала кезден күреске ден қойған.   

         

   Өзі ауыр салмақ дәрежесінде күресетін. «СССР спорт шебері» Орта Азия ойындарының бірнеше дүркін жеңімпазы, қазақша күрестен жауырыны жерге тимеген «ауыр салмақтағы спорт шебері» деген атақтары бар еді. Қазақша күрес халықаралық жарыс бағдарламасына енгеннен кейін, «Спорт шеберінің №1 куәлігінің иегері» деген атағы да бар болатын. Алматыдағы физкультура институтын  бітірген.

Рысманап Шаңлақбаев ауыл, аудан жастарына қазақша күресті, ауданға алғаш спортты, насихаттаушы, алғаш ауданнан шыққан спорт шебері. Ауылын, елін, туған жерін қастерлеп қадірлей білетін, ел қамын ойлайтын. Аудан құрылғаннан кейін спорттан икемі бар адамды спорт комитетіне іздей бастаған.

Коминтерн сегіз жылдық мектепте денешынықтыру мен еңбектен сабақ беріп жүрген Рысманап Шаңлақбаевты  кемеңгер аудан әкімі Айтбай Назарбеков ауданға шақырды. 1970 жылы алғаш ауданда құрылған «Қайрат ерікті спорт қоғамына» Рысманап Шаңлақбаев председатель болып орналасты. Ауданға спорт мектебін салдыру керек болды. 1972-1973 жылы алғаш спорт мектебін, басы-қасында жүріп салдырды. Оған директор болып Атабеков Тәңірберген сайланды.

Өмірінің соңына дейін спорт саласында еңбектеніп, спортты насихаттап, көптеген шәкірт тәрбиелеген. Ауданға алғаш стадионды қоршаған блоктарын өзі Беловодьтан тасып, стадионды іске қосты.

Көзі тірісінде стадион жанынан бассейн салдырамын деп жоспарлап, армандаған екен.

1991 жылы ақпанда өмірден озғанмен ауыл, аудан азаматтары, еңбегін бағалап, Биназар ауылына бір көшенің атын берді. 2000 жылдан жерлестері туған ауылы Биназарда жыл сайын  Рысманап Шаңлақбаев атында облыстық турнирлер өткізіп келеді. Рысманап Шаңлақбаевқа 2019 жылдан бастап  Республика көлемінде  аудан орталығындағы «Спорт кешенінде» қазақша күрестен турнирлер ұйымдастырылып тұрады.

1940  жылдары киелі Мойынқұм топырағына аяқ басқан қазақ еліне ғана емес, әлемге танымал күш атасы Қажымұқан келген. Естуімізше Ұлы Отан соғысы жылдары Қажымұқан Мұңайтпасұлы жер-жерде өнер көрсетіп, Майданға қаржы жинап, өзінің атынан соғыс ұшағын сыйлағаны ол кісі туралы жазбаларда айтылған.

Сол Көктерек ауылы аудан орталығы болған кезде, өнер көрсету барысында анасымен ілесіп барған бес жастағы Рысманап Шаңлақбаев күрестің атасы Қажымұқанның алдына жүгіріп  шығып, күш атасынан бата алған екен дейді.

Рысманап Шаңлақбаев әбден сұрыпталған шыңдалу жолынан өткен, мыңдаған жігіттердің арасынан тәрбиеленіп шыққан барыс еді. Жан беріскен нағыз айқастың  ішінде жүретін Рысманап Шаңлақбаев тізесі бүгілер айқастан абыроймен оралатын.

Боз кілем үстінде небір күрес майданында жүріп,  күрестің ең қиын тәсілдерін де жасаумен көзге түскен ең үлгілі балуан болған. Есімі сол өзі сияқты мыңдаған балалар спорт залына келу үшін алдарында үлгі тұтар ауыл ұстазы, ауыл ағасы болып қалыптасты. Осы ұстаздық жолда қазақ  күресінің туын көтеріп, абыроймен жоғары ұстаған азаматтың бірі.

Рысманап  Шаңлақбаев  өзі өмірден кеткенімен, Мойынқұм спортында қалған іздері көп және олар жыл өткен сайын өшпей көрініп тұратыны хақ. Ол кісі табиғатынан дарынды болып туған киелі Мойынқұм топырағынан жарып шыққан спорт бәйтерегі. Рысманап Шаңлақбаев бапкер кезінде, жас спортшыларды жан-жақты дайындық  жасатып, жастардың жігерін жанып, рухын көтеруді де жақсы білетін. Адамның  физикалық  тепе-теңдікті қалпында ұстату жағынан жақсы нәтижеге жету жолындағы жаттығуларын  түсіндіре білетін ұстаз. Ол спортшыларды ғылыми түрде сапалы баптай білді. Мойынқұм жастарының  осы күрес өнеріне жаппай ден қоюына сүбелі үлес қосқаны сөзсіз. Мойынқұм күресінің қолбасшысы болды. Рысманаптың әрбір жеңісі абыройға, оның әрбір ісі мәртебеге айналып, қазақша күрес өнерінің шоқтығын биіктетті. 

Рысманап Шаңлақбаев тек спортшы ғана емес, домбырашы, өзі әнші және гитара, баян, акардион, мандолда, қыл қобыз аспаптарында ойнай алған. Басқа да спорт түрлерінен теннис,шахмат,дойбы,тоғызқұмалақ, боксты меңгерген спорт зиялысы болған. Тек спортшы емес, айрандай ұйыған отбасының отағасы бола білді.

Рысманап темірдей тәртіптің адамы еді. Осындай қасиеттерді өзінің қарамағындағы адамдардан талап етті. Тәртіп болмаған жерде нәтиже болмайтынын шәкірттеріне ұғындыра білді. Бірақ ол қатал болса да, шәкірттері үшін өзінің өзегін жұлып беруге даяр ұстаз еді. Ол шәкірттері мен Мойынқұмның абыройы үшін өз жерлестеріне араша түсіп, кез-келгеннің бетін қағып салатын азаматтығы бар еді.

Расында да, Рысманап  Шаңлақбаевтың аудан спортты тізгінін ұстаған жылдары республикамен  облыстың ұлттық күрес басы қасында жүрген  мамандар мен төрешілер біздің Рысманапқа қарсы шығуға немесе қиянат жасауға жүректері даулай бермейтін. Жалпы Рысманап Шаңлақбаев тек аудан мен облысқа ғана емес республика көлеміндегі өте беделді спортшы еді. Көптеген спортшыларға, Мойынқұм жұртына ауылын, елін, ұлтын, шексіз сүйетін асыл аға еді, біреулерге іні еді. 

Мұндай кісінің жүрегі тек асыл азаматтықтың қадіріне жету, спортты ардақтау үшін  жаралған  жанның,  аудан спорты үшін сіңірген еңбегін айту  біз үшін құрмет. Рысманап  Шаңлақбаев қазақ күресінің ардагері, Мойынқұм күресінің бәйтерегі.

Мойынқұм спорт тарландарына өте бай, бірақ сол көрінбейтін, оңайлықпен шықпайтын байлықты қазып табу бұрынғы асылдарымыздың  қолынан келген.Биіктерді ықыласпен мойындатқан ердің ері, қалған туған перзенті Рысманап Шаңлақбаев сияқты ағаларымыздың жоғы қазір білініп жатыр. Ауыл баласы күреске құштар қылды, көңілін оятты, оларды шымыр болып өсуге жетелеген шын мәніндегі алыптың өзі еді. Кейіннен Рысманап  Шаңлақбаевтың  ізін баса қаулап өскен жастар оны пір тұтып, ісін жалғастыруда.

Мойынқұм спортшыларының  жеңіс тұғырынан  көрінуі кездейсоқ емес. Оны осы Рысманап Шаңлақбаев  еңбегінен қалған үрдістің  жемісі, салып берген мектебі.

Аудан спортының өркендеуіне, қалыптасуына зор еңбек еткен болашақ үшін жасалған заманауи спорт кешені аудан орталығында бой көтеріп тұр. Бұл аудан жастарын, жас спортшыларды қуантып отырғаны жасырын емес. Әлі ауданда талай мықты спортшы шығады деп сенеміз.

Сөз соңында айтарымыз, кешенді  Рысманап Шаңлақбаевтың атына беру ұсынысымызды аудан басшылары мен  ауыл тұрғындары қолдайды деп сенемін.

 

 

Мойынқұм ауданының Құрметті азаматтары мен ауыл тұрғындары:

 

1. Садырқұлов Стамқұл Садырқұлұлы – Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы

2. Мешітбаева Сәуле Мешітбайқызы – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы

3. Кодеков Жұманазар Жұмабайұлы – Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы

4. Сатыпалдиев Болат Сатылғанұлы – Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы

5. Жамбылов Бекмұрат Қозыбақұлы – Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы

6. Саурықов Ерболат Байұзақұлы – Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры

7. Мәукееева Саракүл Изатқызы – зейнеткер

8. Көпбаев Шаттан – зейнеткер

9. Алимкулова Жібек Мәзбайқызы – зейнеткер

10. Ибраймов Дауылбай – спорт шебері

11. Қалыбаева Аксана  Жамбылқызы – «Nur Otan» партиясы Мойынқұм аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

12. Саурықов Нұртас Ұзақұлы – Жамбыл мектеп-гимназиясының директоры

13. Мәкебаев Бауыржан Орынбайұлы – зейнеткер

14. Рысбеков Алиғұл – зейнеткер

15. Байтемирова Шекеркүл Алтынбекқызы – зейнеткер

 

 

11.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 130
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 126
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 130
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 321
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 314
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 938

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9011
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8406
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11632
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9390
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10616