Ералы Тоғжанов – Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

Ералы Тоғжанов – Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы  Төтенше және Өкілетті Елшісі

 Президентіміз Ералы Лұқпанұлы Тоғжановты Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындады.

Ол  ҚР Ұлттық ғылым академиясы Мемлекет және құқық институтының директоры, факультет деканы, Қазақ мемлекеттік заң университеті филиалының директоры, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, ҚР Әділет министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының әкімі,  ҚР Премьер-Министрінің орынбасары,  Премьер-Министрдің кеңесшісі секілді лауазымды қызметтер атқарған.

Құрметті Ералы Лұқпанұлы!

Сізді еліміздің Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сізге жаңа жауапты қызметте зор денсаулық, қажыр-қайрат, парасат пен табыс тілейміз. Қазақстанның халықаралық беделін арттыру жолындағы еңбегіңіз жемісті болып, екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған бастамаларыңыз әрдайым қолдау таба берсін. Жаңа қызметіңіз Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға, екі ел арасындағы достық пен бауырластық байланыстарды дамытуға маңызды үлес қосады деп сенеміз.

Сіз мемлекеттік басқару, құқық саласы және қоғамдық-саяси бағыттарда мол тәжірибе жинаған білікті мемлекет қайраткерісіз. Мемлекет мүддесі жолындағы абыройлы қызметіңізге сәттілік, отбасыңызға амандық, ел игілігі үшін атқарып жатқан еңбегіңізге береке тілейміз!

Халықаралық "Qazaqstan dauiri" ЖШС,

"Ел Ана" әлеуметтік, қоғамдық-танымдық сайты

23.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26527
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25955
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43349
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39146
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43753