Ербол Қарашөкеев: Азық-түлік бағасы тұрақты бақылауда болуы тиіс

Ербол Қарашөкеев: Азық-түлік бағасы тұрақты бақылауда болуы тиіс

 Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселелері қаралды.

Аймақ басшысы өңірде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тұрақтандыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілмей отырғандығын атап өтті.

- Жыл басынан бері агроөнеркәсіптік кешен саласындағы статистикалық ақпаратты талдау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Басты мақсат – нақты ақпаратқа көз жеткізу, нақты деректерді анықтау. Көзбояушылық болмауы тиіс. Біз нақты ахуалды білмей, тиімді шаралар қабылдай алмаймыз. Азық-түліктердің бағасына қатысты да осы бағыттағы жұмыстарды күшейту – маңызды, - деді облыс әкімі.

Ербол Қарашөкеев облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын азық-түлік бағаларына сауда үстемесін артқан кәсіпкерлерді жауапкершілікке тарту жөніндегі жұмысты күшейтуді және бұл туралы тұрғындарды кеңінен ақпараттандыруды тапсырды.

Басқосу барысында облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысының міндетін атқарушы Байқадам Дүйсенбаев жыл басынан бері сауда нүктелеріне 6 тексеріс жүргізілгенін жеткізді. Нәтижесінде 3 кәсіпкер ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 2 кәсіпкерге 156 910 теңге көлемінде айыппұл салынған. Бұдан бөлек, өңірлік комиссия сауда қызметі саласындағы заңнаманы бұзудың 33 дерегін анықтаған.

Өңір басшысы аталған деректер  Қордай мен Шу аудандарында ғана анықталғанын атап өтіп, департамент басшылығына аудан әкімдіктерімен тығыз жұмыс істеуді жүктеді.

Ал облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек көтерме бағамен сату деректері бойынша шаралар қабылданбайтынына тоқталды. Ол азық-түліктің шекті бағасы туралы ақпаратты әр апта сайын әлеуметтік желілерде жариялау үшін аудандарға жіберуді ұсынды. Бұл – тұрғындардың бағаның жоғарылағанын салыстыру мен тиісті орындарға хабарлауына мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 7 түрі бойынша форвардтық келісімшарттар жасалғанын айтып, бұл ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуіне оң әсер ететінін жеткізді.

Аппараттық кеңесте аудан әкімдерінен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде жауаптар алынды.

Жалпы, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларға жататын 3 тауар түріне, атап айтқанда, қарақұмық жармасы – 5 тонна (41 сауда дүкені), күріш – 55 тонна (41 сауда дүкені), тауық жұмыртқасы – 258 мың дана (55 дүкен) бойынша интервенция жүргізілді. Бүгінгі таңда Жамбыл облысында көкөністердің бағасы тұрақты.

Аймақ басшысы баға тұрақтылығын бақылауда ұстауда тиімді шаралар қабылдау қажеттігін баса айтты.

- Қуаттылығы 40 тоннадан аз көкөніс қоймаларындағы қорларды статистикалық есепке енгізу ісінде қозғалыс жоқ. Қолда бар қорлар бойынша жағдайды білмей, ішкі нарықта бағаны тұрақтандыру мақсатында тиімді шаралар қабылдау мүмкін емес, - деді облыс әкімі.

Кеңес соңында Ербол Қарашөкеев апта сайын аудандарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу, форвардтық сатып алу тетігін белсенді енгізу, жосықсыз делдалдарды анықтау, мобильді топтардың жұмысын жандандыру, әлеуметтік павильондардың жұмысын бақылау, жергілікті өнімнің өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруда нақты шаралар қабылдау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

 

Жамбыл облысының әкімдігі
05.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 43
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 138
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 39
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 45
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 44
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 133
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 138
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 325
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 318
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 942

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9015
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8411
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11638
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9394
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10621