Ербол Қарашөкеев инвестиция тарту бойынша артта қалған Тараз қаласы мен аудан әкімдерін сынға алды

Ербол Қарашөкеев инвестиция тарту бойынша артта қалған Тараз қаласы мен аудан әкімдерін сынға алды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрғалығымен өткен кеңейтілген әкімдік мәжілісінде ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанының нәтижелері талқыланды. Жиынға облыс әкімінің  орынбасарлары, Тараз қаласы мен аудан әкімдері, басқарма және департамент басшылары және құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысты.

Аймақ басшысы алдымен 2024 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудағы бірқатар кемшіліктерге тоқталып, облыстың қарқынды дамуы үшін тиімді тетіктерді белсенді пайдалану қажеттігін баса айтты.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиева ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында 193,1 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілгенін, оның ішінде тау-кен өндіру саласындағы өндіріс көлемі 13,4 пайызға артқанын хабарлады.

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 44,7 млрд теңгені құрап, ет және сүт өндірісі өскен.

Құрылыс (10,6%), байланыс (10,1%), көлік (16,7%), инвестиция (24,4%), пайдалануға берілген тұрғын үй (2,8%) көрсеткіштерінде де оң динамика байқалады.

Басқарма басшысы жекелеген салалардағы төмен көрсеткіштерге тоқталып, жұмыстың толық көлемі орындалмаған аудандардың рейтингісін ұсынды.

Облыс әкімі Меркі, Байзақ, Т. Рысқұлов, Сарысу, Мойынқұм аудандары әкімдерінің есептерін тыңдады.

Ербол Қарашөкеев инвестиция тартудағы кемшіліктерге қатысты Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің, басқарма басшыларының сылбыр жұмысын сынға алды.

– Мемлекет басшысы инвестиция тарту бойынша жұмысты күшейту қажеттігі туралы үнемі айтып келеді. Алайда, жұмыс қарқыны ойдағыдай дей алмаймыз. Барлық кемшіліктерді жоюдың және көрсеткіштерді жақсартудың екі жолы бар, ол – жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды белсенді қолдау және инвестиция тарту арқылы жаңа жобаларды іске асыру. Өңірде инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша кешенді шаралар қабылдануда. Дегенмен, аудан әкімдері әлі де бұл қарқынға ілесе алмай келеді. Олар бір бағыттағы жобалармен жүр. Мәселен, Меркі, Сарысу, Т. Рысқұлов аудандарында субзоналар салу жоспарланған. Бірақ, Т.Рысқұлов ауданынан еш нәтиже көрмей отырмыз.

Инвесторларды өзіміз тауып, оларға қызықты жобаларды ұсынып, кәсіпорын толық іске қосылғаннан кейін де тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп, қолдау көрсету керек. Тек сонда ғана оң нәтижеге қол жеткізе аламыз, – деді Ербол Қарашөкеев.

Облыстық бюджеттің атқарылу қорытындылары туралы қаржы басқармасының басшысы Батырхан Әкек баяндады. Аймақ басшысы бюджет қаражатын тиімді және толық игеру бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Басқосу барысында Тараз қаласы мен Жамбыл ауданының әкімдері, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту, құрылыс және ішкі саясат басқармаларының басшылары баяндама жасады.

Талқылау қорытындысы бойынша Ербол Қарашөкеев жауаптыларға өнеркәсіпті, бөлшек сауданы дамыту, құрылыс жұмыстарын сапалы және уақтылы аяқтау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

– Әлеуметтік сала да назардан тыс қалмауы тиіс. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек көрсету салаларында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмысты жүйелі жүргізу қажет. Тағы бір маңызды бағыттың бірі – құқық бұзушылықтың алдын алу. Бұл бағыттағы шараларды күшейту маңызды, – деді облыс әкімі.

Кеңес соңында Ербол Қарашөкеев жартыжылдық қорытындысы бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің өсуін қамтамасыз етуді, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын іске асыруды жалғастыруды, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету бойынша бизнес-қоғамдастық өкілдерін «Береке – бірлікте» акциясына тартуды, мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды.

Жамбыл облысы әкімдігі
03.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 117
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 34
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 112
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 117
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 309
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 303
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 926

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8999
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8394
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11619
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9377
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10603