Ербол Қарашөкеев шетелдік инвесторлармен кездесті

Ербол Қарашөкеев шетелдік инвесторлармен кездесті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің «Monterra Qasaqstan» ЖШС басшылығымен өткен кездесуінде тау-кен металлургия комбинатын салу және алтын кен орындарын игеру жөніндегі жобаны іске асыру барысы талқыланды.

Комбинат құрылысына Қордай ауданынан жер телімі бөлінген. Жаңа комбинатта Доре қорытпасы (алтын-күміс қорытпасы) өндіріледі.    Комбинат толық қуатына шыққан кезде 10000 келіге дейін бағалы металл өндіреді деп көзделуде.

Құны 1,7 миллиард еуроны құрайтын жоба үш кезеңде жүзеге асады. Компания 1900 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге ниетті. Олар үшін вахталық қалашық салу жоспарлануда.

«Monterra Group AG» неміс компаниясының өкілі Иоганн Штоль тау-кен металлургия комбинатында өндірістің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін озық технологиялар қолданылатынын атап өтті.

- Жоба бірнеше жылдан бері жүзеге асуда десек, оның тезірек іске қосылып, нақты нәтиже көрсетуі маңызды. Жергілікті билік тарапынан қолдаулар жалғасады, - деді облыс әкімі.

 Ербол Қарашөкеев болашақ тау-кен металлургия комбинатының жанында Жамбыл кәсіпкерлерін тарта отырып, шағын және орта өнеркәсіп нысандарын жүзеге асыру керектігін жеткізді.

Аймақ басшысы жаңа кәсіпорынның қажеттіліктерін ескере отырып, мамандарды даярлау жұмыстарын алдын ала жүргізуді тапсырды.

Сондай-ақ, бұл күні  облыс әкімі мен "Korcem" ЖШС атқарушы директоры Станислав Щербаков Қордай ауданында қуаттылығы жылына 1,3 млн. тонна цемент зауытын салу жобасын талқылады. Жоба құны – 50 млрд. теңге.  Ағымдағы жылы сәуір айында іргесі қаланған зауыт 2025 жылы желтоқсан іске қосылады деп күтілуде.

Құрылыс жұмыстарына барлығы 1900-ге дейін адам тартылса, жоба іске қосылғаннан кейін 600-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Кездесуде инфрақұрылым тарту, теміржол желісін салу мәселелері талқыланды.

Жамбыл облысы әкімдігі
27.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 56
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 101
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 102
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 33
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 210
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 215
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 429
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 393

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9085
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8483
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11711
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9477
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10692