Ербол Қарашөкеев Талас ауданындағы бірқатар нысандардың жұмысын тексерді

Ербол Қарашөкеев Талас ауданындағы бірқатар нысандардың жұмысын тексерді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Талас ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар нысандарды аралап, мәселелерді бақылауға алды.

Аймақ басшысы алдымен 1972 жылы іргесі қаланған бос тұрған көпқабатты тұрғын үйдің қазіргі жағдайын көрді.

Нысанды жаңғыртудан өткізіп, тиімді пайдалану жоспарлануда. Ербол Қарашөкеев нысанның жобалық-сметалық құжаттамасын (ЖСҚ), құрылысын сапалы жүргізуді тапсырды.

1973 жылы пайдалануға берілген 1280 орындық А. Пушкин атындағы орта мектеп жөндеуді қажет етеді. Мектеп директоры Ақсәулем Торланбаева облыс әкіміне білім ошағын аралау барысында бірқатар мәселелерді атап көрсетті. Аймақ басшысы жауаптыларға тозығы жеткен мектепті күрделі жөндеуден өткізу бойынша нақты тапсырма жүктеді.

Облыс әкімі аудандағы мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының жұмысымен де танысты.

Сондай-ақ №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында да болды. Мекеме басшысы Ерлан Әнетбаев облыс әкімінен қызмет алушыларға арналған арнайы көлік қарастырып беруін сұрады. Бұл бойынша Ербол Қарашөкеев тиісті мүмкіндіктерді қарастырылатынына сендірді.

Аймақ басшысы аудандық орталық аурухананың да жұмысын жа тексерді. Медициналық мекемеге қарасты 1 емхана, 9 дәрігерлік амбулатория, 1 бастапқы медициналық-санитариялық көмек (БМСК), 4 фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) және 14 медициналық пункт (МП) халыққа қызмет көрсетеді. 2022 жылы ауданға қарасты Үшарал және Есейхан ауылдарында жаңа дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілген.

Ербол Қарашөкеев әлеуметтік және денсаулық сақтау мекемелерімен көрсетілетін қызметтердің сапалы әрі қолжетімді болуын талап етті.

Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі Қызыләуіт ауылдық округіндегі жел электр станцияларының жұмысын көрді. «Wind Power city» ЖШС-де өткен жылдың қыркүйек айынан бастап 4,043 мың кВт, ал «Wind Electricity» ЖШС-де 3,517 мың мВт электр энергиясы өндірілген. Аталған мекемелерді 21 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Айта кетейік, мұнда алғаш рет өңірде жел электр энергиясын өндіретін құрылғыларды (редуктор) жөндейтін нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.

Нәтижесінде облыс және еліміздің өзге өңірлерінде орналасқан электр энергиясын өндіретін кәсіпорындардың құрылғыларын жөндеуге мүмкіндік туады.

Ербол Қарашөкеев жел электр станцияларын салуға инвесторларды белсенді тарту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, ЖЭС қуаттылығын арттыру, ауқымын кеңейту жұмыстарының маңыздылығын баса айтты.

Жамбыл облысы әкімдігі
27.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 118
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 34
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 113
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 118
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 310
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 304
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 927

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9000
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8395
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11621
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9378
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10604