Еріктілер «Атырау көпірін» граффитиден тазартты

Еріктілер  «Атырау көпірін» граффитиден тазартты

Жүргізілген талдауға сәйкес 10 және одан да көп жыл бұрын шыққан көлік құралдарының жаңасында өрт қауіпті болып қала береді. Мысалы, 2018 жылдан бастап қала аумағында көлікте 1023 өрт тіркелді, бұл олардың жалпы санының 1/3 бөлігін құрайды. Аталған кезеңде қоғамдық көлікте 36 өрт тіркелді, төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында автопарк басшылары мен жауапты лауазымды тұлғалар елорданың қоғамдық көлігінің техникалық жай-күйіне бақылауды күшейту қажет.

Елордадағы «Атырау көпірінде» «Астана жастары» волонтерлері қаланың көрікті жерінің көрінісін бұзатын граффитиді тазалау үшін бас қосты. Іс-шара елорданың Нұра ауданы әкімдігінің бастамасымен өтті.

«Осы акцияға қатысқандардың барлығына алғысым шексіз. «Атырау көпірінің» пайдалануға берілгеніне бес жыл болды, бұл – елорданың ғана емес, бүкіл елдің көрікті жерлерінің бірі. Мұны бағаламайтындар құрылымның көрінісін әртүрлі жазулармен, суреттермен шимайлап тастаған. Олар мұнысымен өздері жайлы «естелік» қалдырдық деп санайтын шығар, бірақ шын мәнінде, кейінгіге ізін қалдырушылар – өз қаласына қамқорлық жасайтын, оның бет-бейнесіне бей-жай қарамайтын жастар», – деді Нұра ауданы әкімінің орынбасары Әлия Әбсеметова.

Ол вандалдардың жазулары қалалық ортаның сұлулығын бұзып қана қоймайтынын, онда есірткі сататын сайттардың мекенжайлары да жазылғанын атап өтті. «Бұл – есірткі таратудың танымал түрлерінің бірі. Мұнда есірткі заттарын сақтайтын сайттар мен орындар көрсетіледі. Сонымен қатар, осындай жарнаманың көмегімен жастар заңсыз табыс табуға тартылады», – деді спикер. Оның айтуынша, қаланың коммуналдық қызметтерінің күш-жігері мәселені шешу үшін жеткіліксіз. Ол үшін қала тұрғындары да осындай жазулардың пайда болуының алдын алып, мүмкіндігінше оларды өшіру арқылы өз қалаларының көркеюіне үлес қоса алады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы жылдың 1 қаңтарынан бастап вандализм актілері, қоғамдық және жеке мүлікті бүлдіргені үшін жаза қатаңдатылды. Полиция мен елорда әкімдігі азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және қала мүлкіне зиян келтірмеуге шақырады. Кез келген құқық бұзушылық анықталады, тиісінше жауапкершілік қарастырылған.

03.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 157
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 194
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 190
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 157
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 303
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 302
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 521
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 474

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9178
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8576
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11805
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9574
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10784