Ерлігі көпке үлгі

Ерлігі көпке үлгі
ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ ПОДПОЛКОВНИГІ ӘДІЛБАЙ ДАСТАНДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ДЗЮДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ
Қаратау қаласында қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапқан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің подполковнигі Әділбай Дастанды еске алуға арналған 2008-2009 жылы туған жасөспірім ұлдар арасында дзюдодан облыстық ашық турнир жалауын желбіретті.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков арнайы қатысты.
«Баршаңызды Бейбіт күннің батыры Әділбай Дастанды еске алуға арналған дзюдо күресінен облыстық ашық турнирінің салтанатты ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Әділбай Дастан кешегі дүрбелеңде өз өмірін қатерге тігіп, бүлікшілердің жолын бөгеді. Оның сын сағаттағы батылдығы, кәсіби іс әрекеті мен жасаған ерлігі көпке үлгі болып қалмақ», - деді аудан басшысы.
Айта кетейік, жасөспірім татами шеберлері 38 кг, 42 кг, 46 кг, 50 кг, 55 кг, 60 кг, 66 кг, 73 кг және +73 келі салмақта жүлделерді сарапқа салуда.
Талас аудан әкімдігі
28.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 329
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 322
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 175
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 475

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18240
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18099
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33288
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31837
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35553