Ерлік- табиғат сыйы емес, саналы әскери тәрбиенің жемісі...

Ерлік- табиғат сыйы емес, саналы әскери тәрбиенің жемісі...

Кезінде Бауыржан Мом­ышұлы атамыз: “Ерлік – табиғат сыйы емес, саналы әскери тәрб­иенің жемісі” деген екен. Бірақ қазіргі таңда еліміздегі әск­ерилер ерлігі туралы емес, өз өзіне қол жұмсауы,  әлімжеттік жасауы, әскерден қашуы т.б. көңіл көншітпейтін проблемалар туралы көп естиміз. 

Бүгін Сенатта өткен отырыс барысында Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев еліміздегі соңғы үш жылда 270 әскери қызметшінің қайтыс болғаны туралы мәлімдеді.

2020 жылы 78 әскери адам, 2021 жылы – 96 әскери адам, 2022 жылы – 85 әскери адам қайтыс болған.

Ал, осы әскери өлім­жітімнің негізгі себептеріне – әртүрлі аурулар, жол-көлік оқиғалары,

суицидтер түрткі болатындығын атап өтті.

Ауырып қайтыс болған әскери қызметшілер 36%, жол-көлік оқиғаларынан – 24%, ал өз­өзіне қол жұмсап қаза болған қызметкерлер – 20%-ды құрағанын атап өткен болатын

Расында осындай өлім­жітім оқиғаларының көбеюі әскери органдардың жұмыс режимінің жүйелі түрде жолға қойылуына негіз болып отыр. Өткен жылы Қорғаныс министрлігі 2022-2025 жылдарға арналған «Спасти жизнь» бағдарламасын бекіткен болатын. Бірақ бұл бастама осы саладағы мәселені түбегейлі шешпесі анық. Сол үшін осы мәселеге мемлекет ерекше назар аударуы қажет.

Жыл сайын әскерге шақырылушылардың жарамсыздығы өсіп барады. 2022 жылы 131 мыңнан астам әскерге шақырылған.

Оның ішінде 105 мыңы жарамды деп танылды, бұл 80%-ды құрады, ал әскерге 19 мың адам жарамсыз болса, бұл 14,5% құрады және уақытша жарамсыз деп 7,5 мың азамат танылған.

Бұл Парламенттің де күн тәртібіндегі өте маңызды проблемалардың бірі. Бүгінгі отырыс барысында мен де осы салаға қатысты мәселелерге тоқталып, сұрақ қойған болатынмын.

Соның ішінде:

1) "Рухы мықты армияны жау алмайды" деген Бауыржан Момышұлы. Армиядан жастар қашады дейміз. Бірақ мектеп қабырғасынан идеологиялық жұмыстардың дұрыс жүріп жатыр ма?

2) Бұқаралық ақпарат құралдарында әскери тақырыпқа бөлінетін қаржы неліктен төмен?

3)   Отан алдындағы әскери борыш, жастардың патриоттық сезімін ұштау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіле ме? Ұстаным, санасы біршама қалыптасып қойған мектеп бітірушілер, студенттерден гөрі, 4-5 сынып оқушыларынан бастап Отан алдындағы борышын өтеу туралы және патриотизм не екенін түсіндіре бастау керектігін атап өттім.

Сонымен қатар, өткен аптада Алматы қаласындағы іс-сапар барысында «Medicare» био-протез орталығында болдым. Сол кезде Сергей есімді азаматтың әскери қызмет барысында бір көзі мен бір қолынан айырылғандығы жайында ақпарат естідім. 

Ол азаматтың «Қазақстан халқына» қоры арқылы емделгенін атап өтіп, егер осы қор болмаса, әскери қызмет барысында жарақат алып, мүгедек болып қалған азаматтарға қаншалықты сақтандыру мәселесі қарастырылғанын көтердім. Алайда, әзірге әскерилер үшін арнайы сақтандыру жүйесі қарастырылмаған.

Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ: Журналистердің құқығы шектелген жерде сөз бостандығы,  әділетті қоғам туралы айту артық

Бибігүл Жексенбайдың ФБ парақшасынан
19.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 104
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 104
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 622
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 740
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 652
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 661

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8796
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8197
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11424
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9178
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10410