Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін журналистер қойған бұл сауалға қатысты түсініктеме берген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев: «Министрлік ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер деңгейінде ет бағасын бақылап отыр. Кеше баға түсіп жатыр деп айтты. Көтерме баға өсіп жатқан жоқ. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бойынша қатты өсім байқалмайды, біз бағаны ұстап тұрмыз. Бізде қазір басқа мәселенің шеті шығып тұр. Ол – мал өсірушілердің етті сатып алу бағасының төмен екеніне шағымдануы. Кеше тыңдау өтті, депутаттар осы мәселені қозғады. Мал өсірушілер еттің сатып алу бағасы тым төмен екеніне наразы. Сол үшін бізге жаңа нарық ашып, фермерлерге қолдау көрсетуіміз қажет. Қазір Қазақстан өзін етпен толығымен қамтамасыз етеді. Баға деген үнемі өседі, бірақ қатты өсім жоқ», – деп сендірді.