Этноауылдағы қазақ мәдениеті мен тұрмысы

Этноауылдағы қазақ   мәдениеті мен тұрмысы

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VІІ құрылтайы аясында Астана қаласында «Ұлы Дала сазы» этнофестивалі өтті. Заманауи этникалық музыка жанрындағы жоба 5 күнге жалғасты.

Фестивальдің мақсаты – қала тұрғындары мен туристерді, құрылтайға қатысушыларды қазақ халқының бай тарихы мен мәдениетін таныстырып, оларды рухани азықтандыру болды. Онда дәстүрлі орындаушылық өнер өкілдері, этно-фольклорлық ұжымдар және басқа да танымал қазіргі заманғы этникалық музыкалық өнер иелері өнер көрсетті.

Этноауылда сегізқанатты киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар орнатылып, қолөнер шеберлерінің жұмыстарын көрсететін «Шеберлер ауылы», шағын сәулет нысандары және т.б. алаңдар ұйымдастырылды. Этноауыл бірнеше секторға бөлінді. Солардың бірі – «Дәстүрлі қолөнер түрлері» секторы. Шымкент қаласының тумасы  Жұпар Амангелдіқызы 2008 жылдан бері аталмыш іс-шараға қатысып, ұлттық нақыштағы заманауи бұйымдарды қатысушыларға ұсынуда. «Жаңа технологияларды пайдаланып қой жүнінен балалардың аяқ киімдерінен бастап, мойынжастық, сөмке, ойыншақтар түрлі бұйымдар жасаймыз. Соңғы туындым – киізден жасалған қолшатыр. Қала тұрғындары «Қазақстанда да осындай дүние жасайды екен ғой» деп қуанып жатыр. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш. Адамның рухани жаңғыруына сәл де болса ықпал етіп, ризашылықтарын алудамыз», – деді «Қолөнер шеберлері одағының» мүшесі Жұпар Амангелдіқызы.

Сондай-ақ, этноауылда киіз үйлерге кіріп, көшпенді халықтың мәдениетімен, тұрмысымен танысуға болады. Қонақтар шеберлік сабақтарына қатысып, ұлттық ойын түрлері – алтыбақан, асық және т.б. ойындар ойнай алады.

Балжан АЛЖАНОВА
22.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 45
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 149
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 41
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 46
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 144
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 149
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 335
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 328
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 952

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9027
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8423
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11651
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9407
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10633