«Еуразия» кинофестиваліне бюджеттен 441 млн теңге бөлінбек

«Еуразия»   кинофестиваліне   бюджеттен 441 млн теңге бөлінбек

Пандемияға байланысты тоқтаған халықаралық «Еуразия» кинофестивалі қайта оралмақ. Мемлекеттік сатып алулар сайтындағы мәліметке сүйенсек, шараны ұйымдастыруға бюджеттен 441 миллион теңге жұмсалады. Шараның өту орнын белгілеп, жалға алу, бөлмені әсемдеп, жарнамалау сияқты негізгі шығыннан бөлек, жарты миллиард ақша арнайы VIP-жұлдыздар мен салтанатты кешкі асқа жұмсалмақ. 

Отандық және халықаралық VIP-жұлдыздар шақырып, оларға ас беріледі. Олардың ұшу-қону, тамағы, жүретін жолына дейін барлығы төленеді. Әуежайдың VIP бөлімінен күтіп алып, шығарып салады. Сондай-ақ, жеке күзетке қаламақы да төленеді. 

«Бәрі дайын тариф» десе де болады, бастысы шақырған қонағымыз ішіп-жеп, қыдырып кетсе болғаны. Бұған дейін Қазақстанға Николас Кейдж, Венсан Касель мен Эдриан Броуди келген. Ал 2017 жылы кинофестивальге 948 миллион теңге жұмсалды. Бұл – фестиваль тарихындағы рекордтық шығын. Ол жылы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы болғанын да атап өтейік.  

Әлбетте, кез келген халықаралық фестиваль танымал жұлдыздар мен салтанатты кешкі ассыз өтпейді. Бірақ шетелдегі фестивальдерге қаражатты халықтың ақшасынан емес, арнайы серіктестерден алады. Одан бөлек, мұндай шараның мақсаты –  қандай да бір келісім орнатып, шетелдік режиссер, продюссерлермен серіктес болу, елімізді танытып, туризмді дамыту. Бірақ 1998 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Еуразия» кинофестивалі бұл мақсатқа жеткен жоқ. Далаға кетіп жатқан қайран бюджеттің ақшасы-ай!..

 

Рауан МУТАИР
09.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4079
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4258
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19201
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17866
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 21305